CHES 2026 (Cryptographic Hardware and Embedded Systems) – криптографиялық аппараттық құралдар мен ендірілген жүйелер саласындағы жетекші халықаралық ғылыми конференциялардың бірі. Халықаралық криптологиялық зерттеулер қауымдастығының (IACR) аясында ұйымдастырылатын бұл конференция криптографиялық алгоритмдерді аппараттық және бағдарламалық іске асыру, олардың қауіпсіздігін талдау және ақпаратты қорғаудың заманауи әдістерін әзірлеу саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандарды біріктіреді.Read More
2026 жылғы 13–27 мамыр аралығында жоба аясында Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің А.П. Ершов атындағы Информатика жүйелері институтына ғылыми іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында институттың жетекші ғалымдарымен мәтінді өңдеу, дыбыстық деректерді визуализациялау, дыбысты синтездеу және қимыл-қозғалысты тану технологиялары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер талқыланды. Сонымен қатар әзірленіп жатқан жүйені тілдік бейімдеу, тестілеу әдістері және бағдарламалық шешімдердің техникалық...Read More
Аталған конференция жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік және деректерді қорғау салаларындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдерді талқылауға арналған халықаралық ғылыми алаң ретінде ұйымдастырылды. Іс-шараға әлемнің әртүрлі елдерінен ғалымдар, зерттеушілер, жоғары оқу орындарының өкілдері мен IT саласының мамандары қатысты.Read More
2026 жылғы 13–15 мамыр аралығында Astana IT University базасында 2026 IEEE Smart Information Systems and Technologies Conference (IEEE SIST 2026) халықаралық конференциясы өтті. Конференция аясында IEEE Kazakhstan Section қызметін дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан зерттеушілері үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.Read More
2026 жылдың сәуір айының 3-7 күндері Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет базасында Қазақстан математиктерінің Бірінші конгресі өтті. Конгреске математика, механика және ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші ғалымдар, зерттеушілер, шетелдік сарапшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысып, жалпы 500-ге жуық математик бір алаңға жиналды.Read More
Сапар аясында Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының өкілдері Ионосфера институтының ғылыми зертханаларының қызметімен, зерттеу инфрақұрылымымен және жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларымен танысты.Read More
2025 жылғы 15-19 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты «Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының» Р.Г.Бияшев атындағы Ақпараттық қауіпсіздік зертханасының қызметкерлері Капалова Н.А., Сақан Қ.С. және Дюсенбаев Д.С. Түркия Республикасының Коджаэли қаласындағы Коджаэли Университетінде ұйымдастырылған ғылыми семинарға қатысты.Read More
Сапар барысында НМУ мен АЕТИ арасындағы ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, биомедицина, басқару және модельдеу салаларындағы ынтымақтастық іш шараларын, сондай-ақ қатерлі ісіктерін модельдеуде кері және қисынды емес есептерді шешудің заманауи сандық әдістерін әзірлеу бойынша зерттеулерді талқылады.Read More
2025 жылдың 8-17 желтоқсан аралығында BR24992875 «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі сурдо-ресурстар кешенін әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында Люблин технологиялық университетітінің «Computer Science» факультетінде қысқа мерзімді академиялық ғылыми тағылымдамадан өттім. Сапар барысында LUBLIN UNIVERSITY OF TECHNOLOGY -де International Conference: Modern Information Technologies for Society (MITS’2025) халықаралық конференциясына қатысып, баяндама жасалды.Read More
2025 жылдың желтоқсан айында BR24992875, AP23484329, AP22787186 ғылыми жобалар аясында БАӘ, Дубай қаласына іс-сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында THE BRITISH UNIVERSITY IN DUBAI -де «ACLing 2025: 7th International Conference on AI in Computational Linguistics» халықаралық конференциясына қатысып, аталған ғылыми жобалар бойынша үш баяндама жасалды. Конференция барысында Дубай, Канада, Оман және Иран ғалымдарымен жоба тапсырмалары бойынша талқылаулар...Read More
Recent Comments