А.П. ЕРШОВ АТЫНДАҒЫ ИНФОРМАТИКА ЖҮЙЕЛЕРІ ИНСТИТУТЫНА ҒЫЛЫМИ САПАР НӘТИЖЕЛЕРІ

2026 жылғы 13–27 мамыр аралығында жоба аясында Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің А.П. Ершов атындағы Информатика жүйелері институтына ғылыми іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында институттың жетекші ғалымдарымен мәтінді өңдеу, дыбыстық деректерді визуализациялау, дыбысты синтездеу және қимыл-қозғалысты тану технологиялары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер талқыланды. Сонымен қатар әзірленіп жатқан жүйені тілдік бейімдеу, тестілеу әдістері және бағдарламалық шешімдердің техникалық архитектурасы мәселелері қарастырылды.

Ғылыми кездесулерге Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің А.П. Ершов атындағы Информатика жүйелері институтының жетекші ғалымдары Ю.А. Загорулько, В.В. Барахнин, Е.А. Сидорова қатысты. Сонымен қатар жоба жетекшісі А.С. Еримбетова (онлайн форматта), аға ғылыми қызметкер Тұрдалыұлы М., ғылыми қызметкер Дайырбаева Э.Н. және инженер-бағдарламашы Сәкенов Б.Е. бірлесіп, дайындалып жатқан жүйені тілдік бейімдеу, дыбысты синтездеу және қимыл-қозғалысты тану модульдерін енгізу бағытындағы жұмыстардың нәтижелерін талқылады. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді сынақтан өткізудің тиімді әдістері қарастырылды.

Кездесулер нәтижесінде ғылыми және техникалық серіктестікті одан әрі дамыту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Тараптар Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларына енгізілген рейтингтік журналдарда бірлескен ғылыми мақалалар жариялау бағыттарын айқындап, болашақ зерттеулердің негізгі тақырыптарын талқылады. Аталған іссапар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, инновациялық технологияларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.