ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының қызметкерлері Минск қаласында өткізілген «Криптографиядағы қазіргі тенденциялар» (CTCrypt 2026) атты кезекті XV симпозиумына қатысты. CTCrypt 2026 конференциясын ұйымдастырушылары: Ресей Федерациясының криптография Академиясы, «Ақпаратты криптографиялық қорғау» стандарттау бойынша техникалық комитеті (ТК 26), Ұлттық цифрлық криптография технологиялық орталығы (НТЦ ЦК), Беларусь мемлекеттік университеті (БМУ) және РФ Ғылым академиясының В.А. Стеклов атындағы математика институты. Шараның бас серіктестері ИнфоТеКс және КРИПТО-ПРО компаниялары болды.
CTCrypt 2026 ғалымдарға кездесуге және криптология саласындағы жетістіктермен алмасуға керемет мүмкіндік берді.
Симпозиум кезінде төменгігі бағыттар бойынша қызықты баяндамалар ұсынылды:
– Халықаралық стандарттарға айналған криптографиялық алгоритмдер мен протоколдарды зерттеу;
– Криптографиялық алгоритмдер мен хатамаларды талдаудың тиімді әдістері;
– Криптографиялық алгоритмдер мен хататмаларды қауіпсіздігін бағалау;
– Криптографиялық алгоритмдер мен хатамаларды іске асыру;
– Криптографияның математикалық аспектілері;
– Кванттық криптография мен кванттық есептеулер;
– Посткванттық криптография;
– «Интернет заттарындағы» криптография;
– Криптография және жасанды интеллект;
– Биометрикалық мәліметтерді криптографиялық қорғау;
– Криптографияның өзге өзекті әрі перспективті бағыттары.
Ғалымдар, практиктер және реттеушілер арасында көптеген өзекті мәселелер талқыланды.
IoT және өндірістік жүйелердегі азресурсты криптография: Арнайы кілттік жүйелер және хаттамаларды әзірлеу қажеттілігі қарастырылды. Тәжірибе көрсеткендей, дәстүрлі кеңселік криптографиялық құралдар кейбір жағдайларда IoT үшін тиімді болмауы мүмкін, сондықтан мамандандырылған тәсіл қажет.
Ішкі криптографиялық құралдарды IoT-те пайдалану: Кейбір әзірлеушілер шынайы қорғауды төмендететін криптография (шифрлеу, қолтаңбалар, бақылау сомалары) қолдануда. Қорғанысты арттыру үшін кешенді бағалау және заманауи шешімдерді қолдану маңызды.
Криптқорғаудың мысалдары: Қатысушылар тәжірибесінен өндірістік және IoT жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ерекше қиындықтармен кездескен ұқсастықтар мен гибридтік әдістер қолданылған мысалдар ұсынылды.
Посткванттық криптографиялық механизмдер: Бұл механизмдерді қолдау маңыздылығы, енгізу мерзімі мен алгоритмдердің қазіргі дайындық деңгейі талқыланды. Посткванттық алгоритмдерді синтездеу және талдау жұмыстарын жандандыру қажеттігі атап өтілді.
Посткванттық алгоритмдерді қолдану: Бұл алгоритмдерді хаттамаларға кірістіру міндеттері және гибридті тәсілдердің орынды әрі қажеттілігі қарастырылды.
Халықаралық қатысу: ISO, IETF, W3C сияқты техникалық топтарға қатысу жоспарлары, стандарттаудың мақсаттары және ұлттық алгоритмдерді есепке ала отырып криптографиялық хаттамаларды әзірлеу мәселелері талқыланды. Өзара ынтымақтастық арқылы халықаралық үйлесімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды екендігі нақтыланды.
Симпозиум барысында Ресей мен Беларусь мемлекеттік мекемелері мен жоғары оқу орындарының криптология мәселелерімен айналысатын ғалымдарымен танысу және ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізу мүмкіндігі пайда болды.