Ақпараттық қауіпсіздік зертханасының қызметкерлері Ресей Федерациясында өткен ғылыми семинарда

ҚР ҒЖБМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының (АЕТИ) қызметкерлері Таганрог қаласында өткен ғылыми семинарға қатысты. Ғылыми семинарды Оңтүстік федералдық университетінің Компьютерлік технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік институтының Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі кафедрасы ұйымдастырды.

Аталған ғылыми семинарда АЕТИ қызметкерлері Ақпараттық қауіпсіздік зертханасының ғылыми қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.

Ғылыми семинарға қатысу криптографиялық алгоритмдерді жанама арналар арқылы зерттеу мәселелерін талқылауға, сондай-ақ жанама арналар арқылы зерттеулер жүргізу үшін қолданылатын бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық құралдармен, әдістермен танысуға мүмкіндік берді.