Аталған конференция жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік және деректерді қорғау салаларындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдерді талқылауға арналған халықаралық ғылыми алаң ретінде ұйымдастырылды. Іс-шараға әлемнің әртүрлі елдерінен ғалымдар, зерттеушілер, жоғары оқу орындарының өкілдері мен IT саласының мамандары қатысты.
Конференция барысында Ақпараттық қауіпсіздік зертханасының қызметкерлері «Lightweight Symmetric Block Cipher CF: Structure, Key Schedule, and Avalanche Properties» және «Security Analysis of the HAS02 Hashing Algorithm» тақырыптарында баяндама жасап, ақпараттық қауіпсіздік және криптография бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Баяндамада жеңіл салмақты симметриялық блоктық шифрлау алгоритмдерінің құрылымы, кілттерді генерациялау механизмі, avalanche қасиеттері және хэштеу алгоритмдерінің қауіпсіздік талдауы мәселелері қарастырылды.
Конференция аясында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деректерді қорғаудың заманауи тәсілдері және посткванттық криптография бағыттары бойынша тәжірибе алмасып, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік алды.
Бұл халықаралық конференцияға қатысу институт қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін халықаралық деңгейде таныстыруға, тәжірибе алмасуға және шетелдік ғалымдармен кәсіби ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.