2026 жылғы 15–18 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының Р.Г. Бияшев атындағы Ақпараттық қауіпсіздік зертханасында гибридті форматта «Цифрлық трансформация жағдайындағы посткванттық криптография және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында ғылыми семинар форматындағы дөңгелек үстел өтті.Read More
2026 жылғы 13–27 мамыр аралығында жоба аясында Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің А.П. Ершов атындағы Информатика жүйелері институтына ғылыми іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында институттың жетекші ғалымдарымен мәтінді өңдеу, дыбыстық деректерді визуализациялау, дыбысты синтездеу және қимыл-қозғалысты тану технологиялары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер талқыланды. Сонымен қатар әзірленіп жатқан жүйені тілдік бейімдеу, тестілеу әдістері және бағдарламалық шешімдердің техникалық...Read More
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының қызметкерлері Минск қаласында өткізілген «Криптографиядағықазіргі тенденциялар» (CTCrypt 2026) атты кезекті XV симпозиумына қатысты. CTCrypt 2026 конференциясын ұйымдастырушылары: Ресей Федерациясының криптография Академиясы, «Ақпаратты криптографиялық қорғау» стандарттау бойынша техникалық комитеті (ТК 26), Ұлттық цифрлық криптография технологиялық орталығы (НТЦ ЦК), Беларусь мемлекеттік университеті (БМУ) және РФ Ғылым...Read More
Бүкіл саналы ғұмырын туған елінің өсіп-өркендеуіне арнаған абзал тұлғаның бipi – Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника гылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сінірген қайраткері Әбдіқаппар Әшімұлы.Read More
2026 жылғы 20 мамырда Институт ақпараттық және есептеуіш технологияларында «Инженериядағы цифрлық егіздер: күрделі техникалық міндеттерді шешудің жаңа тәсілдері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.Read More
Аталған конференция жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік және деректерді қорғау салаларындағы заманауи ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдерді талқылауға арналған халықаралық ғылыми алаң ретінде ұйымдастырылды. Іс-шараға әлемнің әртүрлі елдерінен ғалымдар, зерттеушілер, жоғары оқу орындарының өкілдері мен IT саласының мамандары қатысты.Read More
2026 жылғы 13–15 мамыр аралығында Astana IT University базасында 2026 IEEE Smart Information Systems and Technologies Conference (IEEE SIST 2026) халықаралық конференциясы өтті. Конференция аясында IEEE Kazakhstan Section қызметін дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан зерттеушілері үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.Read More
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (https://farabi.university/) мен Ақпараттық және есептеу технологиялары институты (АЕТИ) арасындағы серіктестік аясында “7M05409 – Қолданбалы және есептеу математикасы” білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Абайұлы Тұрмұханбет, Қуанышбек Бақдаулет, Садуллаев Екубжон өздерінің қорытынды ғылыми жұмыстарын дайындауда.Read More
Сапар 2026 жылғы 23–28 сәуір аралығында Intelligent Mechatronic System & Japanese Manufacturing Program (EMJM) және Computer Science & Engineering Program (BCSE) бағдарламаларының шақыруымен өтті. Бұл шақыру бұрын орнатылған байланыстар мен ақпараттық қауіпсіздік және оған іргелес бағыттар бойынша бірлескен зерттеулерді дамытуға деген өзара қызығушылықтың нәтижесі болды.Read More
Ғылым онкүндігі аясында 2026 жылдың 08–14 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институтында «Биомедициналық процестерді математикалық модельдеу барысында туындайтын кері және қисынды емес есептер» тақырыбында “workshop” өтті. Іс-шараны АЕТИ бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор М.А. Бектемесов басқарды.Read More
Recent Comments