АжЕТИ-да «Сандық трансформация дәуіріндегі жас ғалымдар: жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен қиындықтары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

АжЕТИ-да «Сандық трансформация дәуіріндегі жас ғалымдар: жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен қиындықтары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шара жас ғалымдардың, магистранттар мен докторанттардың цифрлық технологияларға жедел көшу және жасанды интеллектті ғылыми әрі инженерлік зерттеулерде белсенді қолдану жағдайындағы рөлін талқылауға бағытталған.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар ғылыми қызметте жасанды интеллектті қолданудың заманауи мүмкіндіктерін, зерттеу жүргізуге арналған цифрлық құралдарды, сондай-ақ цифрлық трансформация дәуірінде жас мамандар кездесетін өзекті жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен қиындықтары талқыланды.

Ғылымды, білім беруді және инженерлік практиканы цифрландыру жағдайында жас зерттеушілердің дамуына арналған жаңа тәсілдер, технологиялар мен перспективалар туралы түсінік қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Іс-шараға магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар қатысты. Іс-шара 2026 жылғы 29 маусымда өтті. Жауапты ұйымдастырушылар: Омарова П., Оралбекова Д.