Сапар 2026 жылғы 23–28 сәуір аралығында Intelligent Mechatronic System & Japanese Manufacturing Program (EMJM) және Computer Science & Engineering Program (BCSE) бағдарламаларының шақыруымен өтті. Бұл шақыру бұрын орнатылған байланыстар мен ақпараттық қауіпсіздік және оған іргелес бағыттар бойынша бірлескен зерттеулерді дамытуға деген өзара қызығушылықтың нәтижесі болды.
Сапар барысында институт өкілдері киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша бірқатар дәрістер оқыды. Атап айтқанда, деректерді қорғаудың заманауи тәсілдері, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің криптографиялық әдістері және посткванттық технологиялардың даму перспективалары қарастырылды. Дәрістер қабылдаушы тарап тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, одан әрі ғылыми талқылауларға негіз болды.
Сонымен қатар, институт қызметкерлері ғылыми семинарлар мен тақырыптық кездесулерге қатысып, онда тараптардың ағымдағы зерттеулері таныстырылды, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Пікірталастар барысында жеңілдетілген криптографиялық алгоритмдерді әзірлеу және оларды шектеулі есептеу ресурстары жағдайында қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сапардың маңызды бағыттарының бірі бірлескен ғылыми зерттеулердің болашағын талқылау болды.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды одан әрі нығайту, ғылыми өзара іс-қимылды кеңейту және басым бағыттар бойынша бірлескен зерттеулерді іске асыру үшін жоғары әлеует бар екенін атап өтті.