Ғылым онкүндігі аясында 2026 жылдың 08–14 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институтында «Биомедициналық процестерді математикалық модельдеу барысында туындайтын кері және қисынды емес есептер» тақырыбында “workshop” өтті. Іс-шараны АЕТИ бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор М.А. Бектемесов басқарды.
Workshop жұмысына Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Сергей Игоревич Кабанихин қатысты. Ол – есептеу математикасы, математикалық физикадағы кері және қисынды емес есептерді сандық әдістермен шешу саласының маманы, С.Л. Соболев атындағы Математика институтының бас ғылыми қызметкері, сондай-ақ Новосибирск мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің геофизиканың математикалық әдістері кафедрасының меңгерушісі. «Кері және қисынды емес есептер» атты оқулықтың және жеті монографияның авторы (оның үшеуі шетелде жарияланған). Сонымен қатар, «Journal of Inverse and Ill-Posed Problems» және «Journal of Applied and Industrial Mathematics» журналдарының бас редакторы, сондай-ақ Сібірлік есептеу математикасы журналы, Open Applied Mathematics Journal, Numerical Functional Analysis and Optimization журналдарының редакциялық алқа мүшесі.
АЕТИ жетекші ғылыми қызметкері, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы М.А. Шишленин «Стохастикалық тәсілдер мен машиналық оқыту әдістерін біріктіретін оңтайландырудың құрамдас әдістерін қолдану арқылы кері есептерді сандық шешу алгоритмдерін әзірлеу» тақырыбында баяндама жасады.
АЕТИ зерттеу тобының мүшелері – жетекші ғылыми қызметкер, қауымдастырылған профессор, PhD С.Е. Касенов, аға ғылыми қызметкер, зерттеуші-доцент, PhD Ж.М. Бектемесов, кіші ғылыми қызметкер, докторант У. Социалова және сала мамандары кері есептерді шешудің сандық әдістерінің жаңа нәтижелері мен даму үрдістерін, сондай-ақ олардың практикалық қолданылуын талқылады.