Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (https://farabi.university/) мен Ақпараттық және есептеу технологиялары институты (АЕТИ) арасындағы серіктестік аясында “7M05409 – Қолданбалы және есептеу математикасы” білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Абайұлы Тұрмұханбет, Қуанышбек Бақдаулет, Садуллаев Екубжон өздерінің қорытынды ғылыми жұмыстарын дайындауда.
Ғылыми жетекшілік және зерттеу бағыты
Магистранттардың ғылыми ізденістері мен магистрлік диссертацияларын жазу процесі АЕТИ директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемесовтің жетекшілігімен жүзеге асырылуда. Зерттеулердің қолданбалы бөлігін сапалы орындауға және ғылыми нәтижелерді жүйелеуге бағытталды.
Диссертациялық жұмыстың негізгі аспектілері
Институт базасындағы жұмыс барысында магистранттар келесі маңызды міндеттерді орындады:
Ынтымақтастықтың нәтижесі
АЕТИ мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы мұндай тығыз байланыс магистранттарға тек теориялық білім беріп қана қоймай, іргелі ғылым мен практиканың ұштасуына мүмкіндік береді. Саланың жетекші маманы Мақтағали Әбдімәжитұлының мектебінен өту — жас зерттеушілер үшін кәсіби қалыптасудың үлкен мектебі.
Институт қабырғасында жинақталған деректер мен алынған кеңестер магистрлік диссертацияларды сәтті қорғаудың және болашақ ғылыми мансаптың берік негізі болатынына сенімдіміз.