Зертхана жерүсті, сондай-ақ ұшатын кешенді робототехникалық жүйелерді зерттеу және әзірлемелеумен айналысады.
Негізгі міндеттері мен бағыттары:
– Тәжірибелік үлгілердің келесі әзірлемелері үшін симуляциялық модельдер жасау;
– Белгісіз жағдайларда және жердің әртүрлілігінде робототехникалық құралдарды басқару міндеттерін шешу;
– Бірыңғай міндеттерді шешуге арналған бірнеше робототехникалық құралдарды үйлестіру міндеттерін орындау;
– Роботтардың адамдармен және қоршаған нысандармен өзара әрекеттестігінің, сондай-ақ жер бетінде қозғалуының міндеттерін шешуге арналған бейнелерді танудың алгоритмдерін қолдану;
– Робототехникалық құралдарды басқаруға арналған алгоритмдер мен программалық қамтамасыз етуді әзірлемелеу.
– Бейнелерді тану және траекторияны жоспарлау міндеттерін шешуге арналған алгоритмдер мен жасанды интеллект фреймворктерін зерттеу және қолдану;
Ағымдағы кезеңде зертханада бейнелер мен ишараларды тану жүйесін, аудио арқылы адамдармен өзара әрекеттесу жүйесін және үш өлшемді симуляциялық модельдегі бет ишараларын бейіндеу жүйесін қамтитын интербелсенді роботтарды жасау бойынша зерттеулер жүргізілуде.