ҚР БҒМ ҒК «Ақпараттық және есептеуіш технологиялары институтының» инженер-программисті
Тұрдалықызы Т. 2013 ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Автоматтандырылған өндіру жүйесі» мамандығын тамамдаған.
2016-2018 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған.
2018 және 2020 жылдар аралығында ҚР БҒМ ҒК «Ақпараттық және есептеуіш технологиялары институтынның» АР05131207 «Нейрондық терең желілерді пайдалана отырып, сөйлеуді көптілді автоматты тану технологиясын әзірлеу» (2018-2020 жж) гранттық қаржыландыру жобасында инженер-программисті қызметін атқарды.
2020 жылдан бері ҚР БҒМ ҒК «Ақпараттық және есептеуіш технологиялары институтында» AP08855743 «Машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, сөйлеуді автоматты танудың интегралды (end-to-end) жүйесін құру» (2020-2022 жж) гранттық қаржыландыру жобасында инженер-программисті міндетін атқарып келеді.
Тұрдалықызы Т. келесі ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысқан: 12th Asian Conference, ACIIDS 2020 (Phuket, Thailand); 2021 3rd International Conference on Computer Communication and the Internet (ICCCI) (Япония); VІ Халықаралық “Информатика және қолданбалы математика» ғылыми-практикалық конференциясы (Алматы); «Сатпаев оқулары – 2021» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Алматы); Профессор У.А. Тукеевтің 75 жылдығына арналған ақпараттық технологиялар саласындағы Халықаралық ғылыми конференциясы (Алматы) және т.б.
Тұрдалықызы Т. бағдарламалық қамтамасыз етудің 4 авторлық куәлігі және 10-нан астам ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 4 жұмыс БҒМ білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетімен ұсынылған, 3 мақала – Scopus дерекқорымен индекстелген басылымда, 5 мақала – Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинақтарында жарияланған.