kzruen

Ақпараттық қауіпсіздік зертханасының қызметкерлері Қытай Халық Республикасында өткен Аақпараттық-коммуникациялық технологиялар атты 6 – шы халықаралық конференцияда (ICTC 2025)

ҚР ҒЖБМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының қызметкерлері Нанкин қаласында өткен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 2025 (ICTC 2025) атты 6-шы конференцияға қатысты.  ICTC2025 конференциясының ұйымдастырушысы Оңтүстік-шығыс университеті, ал техникалық демеушісі – IEEE және Цзянсу ақпараттық технологияларды қолдану қоғамы, телекоммуникациялық технологиялардың негізгі зертханалар альянсы (AKL-TT).

Аталмыш конференцияда ИИВТ қызметкерлері бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша алынған нәтижелер туралы баяндама ұсынды.

ICTC 2025 әр түрлі саладағы ғалымдарға кездесулер, озық жетістіктер туралы пікір алмасу және шешімдерді бірлесіп іздеу үшін тамаша платформа ұсынады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект бойынша қызықты есептер, соның ішінде пост-кванттық криптографиялық есептерді шешудің әдістері және Шеннонның өнімділігіне қол жеткізу үшін кірістірілген торлардың бірыңғай құрылымы және т.б. ұсынылды.

Конференция барысында ҚХР жетекші университеттерінің ғалымдарымен танысуға және ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуге мүмкіндік алды.