2024 жылдың 1 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының бас ғалым хатшысы, доцент, PhD докторы Усатова Ольга Александровнаның қатысуымен көшбасшылық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараға “Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері” мамандығының студенттері мен Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының оқытушылары қатысты.
Лекция барысында Ольга Александровна өзінің кәсіби жолы мен ғылыми-зерттеу саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Ол жоғары оқу орындарында жұмыс істеудің ерекшеліктеріне тоқталып, ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, ғылымдағы әйелдердің рөлі мен мүмкіндіктері туралы терең ой қозғап, жастарды ғылыми ізденіске ынталандыратын кеңестер берді.
Кездесу еркін форматта өтті: студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды. Ашық пікірталас аясында маңызды тақырыптар көтеріліп, қатысушылар үшін бұл дәріс мотивациялық әрі пайдалы тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Бұл іс-шара жас ғалымдар мен студенттерге кәсіби бағдар беріп, болашақ маман ретінде қалыптасуына серпін берді. Кафедра ұжымы мұндай кездесулердің жүйелі түрде өткізіліп тұруы – білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететініне сенімді.