kzruen

ҚР ҒЖБМ ҒК «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» ШЖҚ РМК Ғылыми кеңесі туралы ереже

1. ҚР БҒМ Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының Ғылыми Кеңесі (бұдан әрі – Институт) Институтты басқарудың алқалық консультативтік-кеңесші органы болып табылады және Институт директоры бекітетін Кеңес туралы ереже мен оның шешімдері ұсынымдық сипатта болады;

2. Институттың Ғылыми кеңесiнiң құрамына мыналар кiредi: Институттың Бас директоры, Институттың Бас директорының ғылыми жұмыс жөнiндегi орынбасарлары, Ғылыми хатшы, жетекшi ғалымдар;

3. Институттың Бас директоры, ал ол болмаған кезде – Бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ғылыми кеңестің төрағасы болып табылады; ғылыми хатшы – Институттың ғылыми хатшысы;

4. Ғылыми Кеңес мүшелерінің құрамын Институттың Бас директоры бекітеді;

5. Институттың Ғылыми Кеңесі жанынан Бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарларының немесе басқа да жетекші ғалымдардың төрағалық етуімен ғылымның бейінді бағыттары бойынша секциялар құрылуы мүмкін;

6. Институттың Ғылыми кеңесінің отырыстарындағы барлық дербес мәселелер жасырын дауыс беру арқылы шешіледі;

7. Институттың Ғылыми Кеңесі:

– Институттың ғылыми бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, Институттың негізгі бағыттары мен даму перспективалары бойынша жұмыс нәтижелерін талқылайды;

– Институт қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы жоспарларын, ғылыми кадрларды даярлау жоспарларын, халықаралық ынтымақтастықты, кеңестер мен конференцияларды, сондай-ақ басқа да жоспарларды әзірлейді және Институттың Бас директорына бекітуге ұсынады;

– ғылыми бөлімшелер басшыларының жыл ішіндегі ғылыми-зерттеу нәтижелері туралы есептерін талқылайды және бекітеді;

– ғылым дамуының өзекті мәселелерін талқылайды, ғылыми хабарламаларды тыңдайды, қызметті үйлестіру және басқа ғылыми ұйымдармен шығармашылық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды;

– Институттың халықаралық ғылыми ынтымақтастығының тиімділігі мәселелерін, шетелдік ғылыми ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулердің орындалу барысын талқылайды, сондай-ақ Институттың ғылыми қызметкерлерінің ғылыми іссапарлар жөніндегі есептерін тыңдайды;

– Институттың ғылыми қызметкерлерін даярлауға және біліктілігін арттыруға байланысты мәселелерді талқылайды, Институттың ғылыми қызметкерлерінің ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмыстары туралы хабарламаларын жүйелі түрде тыңдайды, Ph.D диссертацияларының тақырыптарын талқылайды, олар бойынша ұсынымдар береді;

– авторларға түрлі сыйлықтар мен басқа да ерекшеліктер беру үшін аса көрнекті ғылыми еңбектерді, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды ұсынады; Институттың ғылыми қызметкерлерін құрметті атақтар беруге ұсынады, ғылым академияларының нақты мүшелігіне және корреспондент-мүшелігіне кандидаттар ұсынады;

– Институттың ғылыми бөлімшелері меңгерушілерінің, бас ғылыми қызметкерлердің, жетекші ғылыми қызметкерлердің, аға ғылыми қызметкерлердің, ғылыми қызметкерлердің, кіші ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына олармен еңбек шарттарын жасасу алдында конкурстар өткізеді;

– Институттың құрылымын жетілдіру жөнінде Институттың Бас директорына ұсыныстар береді.

– Институт құратын басылымдардың редакторларын сайлайды және редколлегиялардың құрамын бекітеді;

– Институттың кадр аттестаттау комиссияларының жұмысын бақылайды;

– хаттамалық шешім түрінде шығарылатын қызметкерлердің жалақы жүйесіне байланысты мәселелерді қарайды. Бірақ, бұл ретте, Институттың Бас директоры қызметкерлердің жалақысына қатысты осы мәселелер бойынша Ғылыми Кеңестің хаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы;

– Институт Жарғысында көзделген басқа да мәселелерді қарайды;

8. Ғылыми Кеңес және оның секциялары, егер отырысқа олардың құрамының үштен екісі қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Ғылыми кеңес пен оның секциясының шешімі, егер отырысқа қатысқан Ғылыми кеңес пен секция мүшелерінің 50% дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Егер жасырын дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданбаса, шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

ҚР ҒЖБМ ҒК «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» ШЖҚ РМК Ғылыми кеңесінің Құрамы

  1. Мутанов Г. төраға
  2. Мамырбаев О.Ж. төрағаның орынбасары
  3. Калимолдаев М.Н.
  4. Айнакулов С. Ж.
  5. Усатова О.А.
  6. Агеева В.В.
  7. Алгазы К.
  8. Амиргалиев Е.Н.
  9. Еримбетова А.
  10. Калижанова А.У.
  11. Капалова Н.А.
  12. Козбакова А.
  13. Мусабаев Р.Р.
  14. Мусабек Г.
  15. Нысанбаева С. Е.
  16. Пак А.А.
  17. Самигулина Г.А.
  18. Терехов А.Г.
  19. Юничева Н.Р.