ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ КӨЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ

ҚАРАШАНЫҢ 27 ЖҰЛДЫЗЫНДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ КӨЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми дипломатияны, білім және көліктік технологиялар саласындағы әріптестікті дамытуға арналған осы алқалы Форум академиялық қауымдастық өкілдерін, көлік индустриясының жетекшілерін және инновациялық зерттеу орталықтарын біріктіріп, жаһандық зерттеу кеңістігін қалыптастыруды және негізгі бағыттар бойынша таланттарды даярлаудағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 Форумның стратегиялық мәні, мемлекеттік деңгейде халықаралық ғылыми бастамаларды үйлестіру рөлінің күшейіп келе жатқанын және жаһандық зерттеу кеңістігін дамыту үшін институционалдық негіздің беріктігін көрсетеді.

Форумды ресми ашу және қатысушыларды құттықтау мәртебесі Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті,  профессор Серікқанов Абай Серікқанұлына берілді.

Форумды Ұлттық ғылым академиясында құрылған  “Көлік ғылымы” секциясы төрағасының орынбасары, физика-математика   ғылымдарының докторы, профессор Амиргалиева Салтанат Нұрәділқызы жүргізді.

Қытай және Орталық Азияның бес мемлекеті арасында көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы таланттарды даярлау Одағы/ Альянстың жетістіктері – Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері арасында көлік инфрақұрылымы саласы үшін таланттар даярлаудағы адами капиталды нығайту мен трансұлттық көліктік жобаларды іске асыруға қажетті негізгі үйлестіру тетігі және Альянстың дамуы туралы таныстырылым, Альянстың Хатшысына, Чанъан Университетінің Вице-президенті, профессор Фань Вэньге берілді.

Форумның тақырыптық баяндамаларында өзекті мәселелерге назар аударылды

Smart Logistics саласы жаһандық деңгейде Artificial Intelligence, Big Data, Internet of Things (IoT) және көлікті цифрлық басқару технологияларының көмегімен дамудың жаңа кезеңіне өтті. Зияткерлік логистика мен Жібек жолы электрондық  коммерция бастамасына арналған технологиялық алғы шарттар туралы Чанъан Университетінің Экономика және менеджмент мектебінің деканы, профессор Сунь Ципэн  өзекті  тақырыптағы баяндама жасады.

Көліктік машина жасау саласындағы тиімділікті, сенімділікті және төзімділікті арттырудағы стратегиялық зерттеу бағыты, инновациялық және аддитивтік материалдар тақырыбы бойынша  академик У.А. Джолдасбеков атындағы Механика және машина жасау институтының Бас директоры, профессор Уалиев Заир Гахипұлы және PhD, қауымдастырылған профессор Хабиев Алибек Талгатбекұлы маңызды тақырыпта жасаған баяндамасы қатысушылардың назарын  аударды.

Жол инженериясында фазалық ауысымды материалдарды (Phase Change Materials) дайындау және қолдану тақырыбында ғылыми ізденістерімен профессор Ma Фенг бөлісті

Асфальтбетон жабындарындағы сораптың түзілуін зерттеу және төмендету тақырыбы бойынша, Ұлттық Ғылым Академиясының «Көлік ғылымы» секциясының төрағасы, Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі, Техника ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Бұрханбайұлы Телтаев ғылыми жаңалықтарын баяндады.

Форумдағы аса маңызды, әрі тарихи сәт – Қазақстанның ғылыми зерттеу және  академиялық  ұйымдарына “Қытай және Орталық Азияның бес мемлекеттері арасында көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы таланттарды даярлау Одағы”-на ресми мүшеліктерін растайтын сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі орындалды:

  1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институты;
  2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің У.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты
  3. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті / Satbayev University
  4. Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты

Форумда стратегиялық халықаралық әріптестік пен қолданбалы-салалық ғылымның үндесуін, сонымен қатар таланттар даярлаудағы даму бағыттары талқыланды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, академиялық, индустриялық және халықаралық ұйымдар мен серіктестер арасындағы байланыстарды күшейтуге мүмкіндік алынды. “Қытай және Орталық Азияның бес мемлекеті арасында көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы таланттарды даярлау Одағы”-на  жаңадан 4 ұйым енді.