enrukz
enrukz

Компьютерлік лингвистикадағы мәтіннің мағынасын білдіруі және семантикалық талдаудың моделі мен әдістері

Жоба туралы ақпарат

Жобаның түрі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2018-2020 жж. арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жлбалар бойынша гранттық қаржыландыруы.

Жобаның шифры: AP05133550 (01.01.2018 – 31.12.2020)

Атауы: Компьютерлік лингвистикадағы мәтіннің мағынасын білдіруі және семантикалық талдаудың моделі мен әдістері.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: құрылымды емес мәліметтердің массивтерінде, АІЖ өңделетін (орыс, қазақ, ағылшын және түрік тілдерінде), сонымен қатар орыс және қазақ тілдеріндегі анафоралық және риторикалық мәліметтердегі іздеу, өңдеу және ақпаратты талдаудың синтаксистік және семантикалық үрдістері болып табылады.

Жұмыс мақсаты: семантика элементтері мен синтаксисті ескере отырып ақпаратты іздеу технологияларын лингвистикалық және алгоритмдік қамтамасыз ету, сонымен қатар түрік тілдері үшін, сол сияқты анафоралық байланыс пен  орыс тілі үшін риторикалық қарым-қатынастардың берілуінің формальды құралдарын жүйелеу.

Зерттеу әдістері: Компьютерлік лингвистикадағы туындайтын түрлі объектілерді зерттеу және олардың логикалық қасиеттерін зерттеудің әдістемелік негізі болып және математикалық логиканың тұжырымдары мен конструкцияларын логикалық қасиеттерін тексеруі болып табылатын: бірінші ретті негіздеме есептеуі, модель, модельдегі формуланың ақиқат тұжырымдамасы және т.б.

Қолдану облысы: мәтінді семантикалық талдау, машиналық аударма, мәтіндерді автоматты рефераттау, МАӨ бөлігінде іздеу және диалогтық жүйелерде және басқа да жасанды интеллект автоматты жүйелерде ақпарат алу міндеттері.

Ғылыми жетекші: Еримбетова А.С. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)

Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ