enrukz
enrukz

Компьютерлік криминалистика және бағдарламалық қамтамасыз ету зертханасы

Зертхана меңгерушісі т.ғ.к.

Покусов В.В.

Зертхананың жұмысының мақсаттары, міндеттері және негізгі бағыттары:

Компьютерлік криминалистика – компьютерлік ақпарат пен байланысты қылмыстар туралы, сандық дәлелдемелерді зерттеу туралы, сондай-ақ мұндай дәлелдемелерді іздестіру, алу және растау әдістері тіралы зерттеулер.

Зертхана зерттеулер аспаптарын әзірлеу және компьютерлік технологиялар мен программалық қамтамасыз етудің құралдарын зерттеуді жүргізу, сондай-ақ компьютерлік криминалистиканың тәсілдері мен әдістерін зерттеу мақсатында киберқауіпсіздік бойынша «Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС құзырсытілік орталығымен бірлестікте құрылған.

Зертхана міндеттері:

– Компьютерлік криминалистика саласындағы ғылыми жұмыстар;

– Компьютерлік технологиялар құралдарын криминалдық зерттеу;

– Бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттеу;

– Сандық дәлелдемелерді жинау.

Зертханада кез-келген сандық нысандарды зерттеу жүргізіледі: компьютерлік жабдықтау, мобильдік құрылғылар, программалық қамтамасыз ету, желілік ресурстар. Ақпараттарды шешіп алу мүмкіндігін жасайды, соның ішінде бұзылған құрылғылардан да. Зерттеулер ғылыми зерттеулердің және ақпаратты қорғау жүйесін жасайтын компанияның практикалық тәжірибесі негізінде жүргізіледі.