enrukz
enrukz

Кең ауқымды қолданбалы нанотехнология есептеріне бағытталған оңтайландыру әдістерін дамыту

Жоба туралы ақпарат

Жобаның түрі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы

Жобаның шифры: №AP05133366 (01.02.2018 – 31.12.2020)

Атауы: Кең ауқымды қолданбалы нанотехнология есептеріне бағытталған оңтайландыру әдістерін дамыту.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: наноматериалдардың қасиеттерін модельдеу мәселелерін шешуге бағытталған оңтайландыру әдістері

Жұмыс мақсатыЖобаның негізгі мақсаттары: құрылымдық материалтануда пайда болатын оңтайландыру мәселелерін шешудің жаңа әдістерін құру; құрылған әдістер негізінде нанотехнологияның маңызды мәселелерін шешуге арналған, өнімділігі жоғары есептеу жүйелеріне бағдарланған  бағдарламалық кешен құру; наноматериалдардың сипаттамаларын модельдеуге бағытталған есептеу тәжірибесін жүргізу.

Зерттеу әдістері: Математикалық модельдеу әдістері, жылдам автоматты саралау әдістері, құрылымдық материалдарды оптимизациялау әдістері, кластерлік талдау әдістері, параллельді және үлестірілген есептеулер әдістері.

Қолдану облысы: Зерттеу нәтижелері бойынша әдістемелік ұсыныстар жаңа материалдарды жасағанда қолданылады. Жоба нәтижелерін тұтынушылар жаңа материалдар әзірлеумен және өндірумен айналысатын кәсіпорындар бола алады.

Ғылыми жетекші: Амирханова Г. А. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)

Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ