Жобаның түрі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы
Жобаның шифры: №AP05133366 (01.02.2018 – 31.12.2020)
Атауы: Кең ауқымды қолданбалы нанотехнология есептеріне бағытталған оңтайландыру әдістерін дамыту.
Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: наноматериалдардың қасиеттерін модельдеу мәселелерін шешуге бағытталған оңтайландыру әдістері
Жұмыс мақсаты: Жобаның негізгі мақсаттары: құрылымдық материалтануда пайда болатын оңтайландыру мәселелерін шешудің жаңа әдістерін құру; құрылған әдістер негізінде нанотехнологияның маңызды мәселелерін шешуге арналған, өнімділігі жоғары есептеу жүйелеріне бағдарланған бағдарламалық кешен құру; наноматериалдардың сипаттамаларын модельдеуге бағытталған есептеу тәжірибесін жүргізу.
Зерттеу әдістері: Математикалық модельдеу әдістері, жылдам автоматты саралау әдістері, құрылымдық материалдарды оптимизациялау әдістері, кластерлік талдау әдістері, параллельді және үлестірілген есептеулер әдістері.
Қолдану облысы: Зерттеу нәтижелері бойынша әдістемелік ұсыныстар жаңа материалдарды жасағанда қолданылады. Жоба нәтижелерін тұтынушылар жаңа материалдар әзірлеумен және өндірумен айналысатын кәсіпорындар бола алады.
Ғылыми жетекші: Амирханова Г. А. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)
Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ