enrukz
enrukz

Жасанды интеллект және робототехника зертханасы

Зертхана меңгерушісі т.ғ.д.,

профессор Амиргалиев Е.Н.

Зерттеудің негізгі бағыттары: Бейнелерді танудың математикалық әдістері, сөйлеу және графикалық сигналдарды өңдеу әдістері, көріністерді өңдеу, динамикалық нысандарды сәйкестендіру және тану, робототехникадағы жасанды интеллект.

Мына төмендегідей нәтижелер алынды:

Тану есептеріндегі математикалық модельдер және топтық синтез алгоритмі;

Синтез әдістері мен модельдері және сөйлеу мен графикалық сигналдарды тану;

Тану жүйесін диктордың жеке ерекшеліктеріне лайықтап автоматты құрылымдау әдістері әзірленді;

Бет-әлпетін және қол шараларын тануды программалық қамтамасыз ету;

Роботты интеллекттендірудің көру бойынша да, сөйлеу бойынша да негіздері жасалды;

Әзірленген үш өлшемді машиналық көру және нысанды ізбе-із бақылау мүмкіндігін пайдаланатын программалық қамтамасыз етуі бар және жабдықтары бар әмбебап мобильдік робототехникалық платформа жасалды.

Ғылыми жұмыстарға арналған мобильдік платформа

Әскери және арнайы азаматтық қызметтерге арналған  машиналық көруі бар шынжыр табанды                мобильдік платформа

Кедергілерді айналып өтуге арналған арнаулы мобильдік робот

Машиналық көруі бар шынжыр табанды робот

«Беркут» жылдам атқышы

Гексакоптер

Квадрокоптер

Төрт дөңгелекті барлаушы робот

Алты дөңгелекті барлаушы робот-танк

Мобильдік мини робот

Интеллектуалдық меншік туралы куәліктер алынды::

Толепбергенова С.К., Калижанова А.У., Козбакова А.Х. «Электрондық кітапхана» (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама) // интеллектуалдық меншік нысаны туралы №967 куәлік, 2015 жыл 25 мамыр.

Авторлық куәлік Software For Architectural Solutions Of Safe And Energy-Efficient Buildings Within The Framework Of The «Smart House» Project / Амиргалиев Е.Н., Калимолдаев М.Н., Калижанова А.У., Козбакова А.Х., Орманов Т.А.; опубл 13.06.2017.,  Бюл. №1407. –24 с.

Авторлық куәлік Software development for the effective flow distribution during evacuation / Амиргалиев Е.Н., Калижанова А.У., Козбакова А.Х., Қуанышбай Д.Н.; опубл 10.04.2017,  Бюл.№648. – 28 с.