kzruen

Интеллектуалды жүйелер және технологиялар зертханасы

Зертхана меңгерушісі

PhD Самбетбаева М.А.

Зертхананың негізгі қызметі – білімдерге немесе негізгі міндет болып табылатын адам әрекетін қолдауды және өзінің табиғи тіліндегі озық диалогы режимінде ақпаратты іздестіруді жүзеге асыруға арналған программалық, лингвистикалық және логикалық-математикалық құралдар кешеніне негізделген интеллектуалдық жүйелер саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту және одан әрі жүргізу.

Міндеттерді шешу әдістерін әзірлемелеу – жалпы басшылыққа алынатын жол болып табылады. Ал олар үшін табиғи тілді түсіну, оқыту, теоремаларды дәлелдеу, күрделі бейнелерді тану т.б.с.с. формалды алгоритмдер жоқ. Теориялық зерттеулер интеллектуалдық үдерістерді зерттеуге және тиісті сәйкес келетін математикалық модельдер жасауға бағытталған. Эксперименттік жұмыстар компьютерлік программаларды құру және жекелеген интеллектуалдық міндеттерді шешетін немесе берілген белгіленген жағдаяттарда өзін дұрыс ұстайтын машиналар жасау арқылы жүргізіледі. Зертхананың негізгі бағыттары: білімдерді ұсыну және өңдеу, интеграция мен білімдердің аса үлкен қорына тиімді түрде мағыналық-мазмұндық қолжетімділіктің және онтологиялар негізінде белгіленген пәндік саланың берілгендерінің әдістері мен құралдарын әзірлемелеу, эксперттік жүйелер және шешімдер қабылдау жүйесін қолдау, табиғи тілде ақпараттарды автоматты өңдеу, есептеуіш және логикалық-комбинаторлық міндеттерді шешу.

Зертхана үшін төмендегідей міндеттер басымдық болып табылады:

  1. Басқару және анықтамалық жүйелер саласындағы зерттеулер;
  2. Компьютерлік лингвистика саласындағы зерттеулер.