kzruen

Жас ғалымдар кеңесі

Оралбекова Дина Орымбаевна

Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы,  PhD докторы, Интеллектуалдық жүйелердің компьютерлік инженериясы зертханасының аға ғылыми қызметкері

Email: d.oralbekova@ipic.kz

Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) қызметі институттағы жас зерттеушілерді ғылыми-зерттеу жобаларына тартуға, сондай-ақ олардың академиялық және қолданбалы бастамаларға қатысуын кеңейтуге бағытталған. ЖҒК жұмысы ғылыми шығармашылықты дамытуға және институттың зерттеу әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

ЖҒК-ның мақсаты – институттың басым ғылыми бағыттарына жас ғалымдарды тарту арқылы олардың ғылыми әлеуетін дамытуға тұрақты орта қалыптастыру, сондай-ақ жобаларға қатысу, тағылымдамалардан өту, ғылыми жарияланымдар мен инновациялық қызмет арқылы олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.

ЖҒК-ның негізгі міндеттері:

  • Жас ғалымдарға арналған тиімді қолдау жүйесін қалыптастыру.
  • Жас зерттеушілердің мемлекеттік және халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысуына қолдау көрсету. Өтінімдерді дайындауға көмек көрсету, серіктестерді іздеу, конкурстар бойынша ақпараттық қолдау (соның ішінде «Жас ғалым», «КМУ» және т.б.).
  • Жас зерттеушілердің академиялық және кәсіби құзыреттерін дамыту. Ғылыми семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтары мен біліктілікті арттыру іс-шараларын ұйымдастыру.
  • Жас ғалымдардың ғылыми нәтижелерін ілгерілету. Жарияланымдық белсенділікті ынталандыру, конференцияларға қатысуға, зерттеу нәтижелерін патенттеуге және ғылыми нәтижелерді медиа алаңдар арқылы насихаттауға жәрдемдесу.
  • Жас ғалымдардың қатысуымен әріптестік және ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту. ЖОО-лармен, ҒЗИ-лармен және шетелдік серіктестермен бірлескен жобаларды бастамалау, пәнаралық байланысты дамыту.

ЖҒК жұмысының жоспары

ЖҒК мүшелері:

Оралбекова Дина – постдокторант

Жүмағұлова Шолпан

Айтказина Асель

Айнакулов Жарас  – постдокторант

Тұрдалыұлы Мұса

Ермұхамед Дана  – постдокторант

Омарова Перизат

Атаниязова Айсулу

Сымагулов Адильхан

Төлеген Гүлмира

Төлеу Алымжан

Сәкенов Бағжан

Бейсенова Салтанат