kzruen

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту: Акдениз университетіне сапар (Түркия)

2025 жылдың тамыз айында AP19577833 № гранттық жоба аясында «Жасанды интеллект технологиясына негізделген сөйлеу бұзылыстары бар балаларға арналған оқыту әдістері мен электрондық ресурстарды зерттеу және әзірлеу» тақырыбы бойынша Түркия Республикасының Акдениз университетіне іссапар ұйымдастырылды. Институт қызметкері — PhD Диана Рахимова — интеллектуалды жүйелердің өзекті мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми семинарда баяндама жасап, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді.

Сапар бағдарламасы:

  • ғылыми-зерттеу тақырыптарын және халықаралық ынтымақтастық бағыттарын талқылау;
  • жобаның міндеттерін талқылау үшін компьютерлік техника кафедрасының меңгерушісімен, университеттің қашықтықтан оқыту департаментінің директоры профессор Үмит Дениз Улушармен кездесулер;
  • Акдениз университетінің компьютерлік техника кафедрасы ұйымдастырған ғылыми семинарға қатысу;
  • университет кітапханасында жасанды интеллект және NLP бағыты бойынша ғылыми еңбектермен танысу;
  • бірлескен жарияланымдар мен жобаларды одан әрі дамыту үшін байланыстар орнату.

Іссапар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп,  гранттық жобаны жаһандық деңгейде ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашты.