Жобаның жетекшісі PhD, профессор Мамырбаев Оркен Жумажанович
Зерттеу тобының негізгі мүшелері::
КҒҚ, Момынжанова К.Р.
КҒҚ, Жұмағулова Ш.П.
КҒҚ, Айтказина Ә.А.
Инженер-бағдарламалаушы Жанегизов А.С.
Жұмыстың мақсаты – көздің торлы қабығының томограммасын өңдеу әдісін құру арқылы биомедициналық бейнелерді талдау сенімділігін арттыру. Бұл әдіс идиопатиялық макулярлық жыртықтарды диагностикалау жүйесінде қолданылады.
Көз түбінің биомедициналық бейнелерін талдау мен өңдеудің белгілі заманауи опто-электрондық жүйелері мен әдістеріне талдау жүргізу; Көз түбінің биомедициналық бейнелерін өңдеудің кеңістіктік және жиіліктік әдістерінің тиімділігін бағалау; Көздің торлы қабығының томограммасын өңдеу әдісін жетілдіру; Биомедициналық томографиялық бейнелерді өңдеу әрекеттерінің моделін құру; Жүйені жасау аясында бұлдыр (фаззи) жиынтықтарға негізделген биомедициналық ақпаратты талдау математикалық модельдерін әзірлеу; ИМЖ (идиопатиялық макулярлық жыртықтар) кезінде құрылымдық конфигурацияларды талдау үшін жүйенің құрылымдық моделін жасау; Биомедициналық ақпаратты бұлдыр өңдеу және шығару блогын әзірлеу; ИМЖ диагностикасында құрылымдық өзгерістерді талдау жүйесін құру және оны практикалық медицинада апробациядан өткізу.
Жоба бойынша ғылыми-зерттеу және техникалық қызмет жұмысының негізгі нәтижелері келесі жарияланымдарда ұсынылған:
Web of Science немесе Scopus ДБ индекстелетін жарияланымдар:
ҚР БжҒСБК ұсынылған жарияланымдар:
Халықаралық конференция материалдары:
Glaucoma diagnosis
Осы зерттеу нәтижесінде көз түбінің жүктелетін бейнелеріне арналған валидацияның алғашқы кезеңі іске асырылды. Бұл тексеру модулі https://glaucoma-diag.iict.kz/ мекенжайы бойынша пайдаланушыға қолжетімді веб-қосымшаға енгізілді.