2025 жылдың 8-17 желтоқсан аралығында BR24992875 «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі сурдо-ресурстар кешенін әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында Люблин технологиялық университетітінің «Computer Science» факультетінде қысқа мерзімді академиялық ғылыми тағылымдамадан өттім. Сапар барысында LUBLIN UNIVERSITY OF TECHNOLOGY -де International Conference: Modern Information Technologies for Society (MITS’2025) халықаралық конференциясына қатысып, баяндама жасалды.
Конференция барысында Польша, Өзбекстан, Ресей ғалымдарымен жоба тапсырмалары бойынша талқылаулар жүзеге асырылды.
Жобаны практикалық тұрғыда жүзеге асыру мәселелері талқыланып, Scopus және /немесе Web of Science дерекқорларына енгізу жоспарланған бірлескен ғылыми жарияланымдар бағыттары айқындалды.
Бұл зерттеу сапары ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп, жобаны халықаралық деңгейде дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.