Ақпараттық және есептеу технологиялар институтының (АЕТИ) қызметкерлері – бас директор, профессор М.А. Бектемесов және жетекші ғылыми қызметкер, доцент С.Е. Қасенов 2025 жылдың желтоқсан айының екінші жартысында Новосибирск мемлекеттік университетінің ректоры, академик М.П. Федоруктың шақыруымен НМУ-ге барды

Сапар барысында НМУ мен АЕТИ арасындағы ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, биомедицина, басқару және модельдеу салаларындағы ынтымақтастық іш шараларын, сондай-ақ қатерлі ісіктерін модельдеуде кері және қисынды емес есептерді шешудің заманауи сандық әдістерін әзірлеу бойынша зерттеулерді талқылады.

2025 жылдың 22 желтоқсанында РҒА СБ Математика институтында бірлескен (ИМ, ИВМиМГ, ММЦ ИМ және НГУ ММГФ, ММФ кафедрасы) ғылыми семинардың «Қолданбалы кері есептер және машиналық оқыту» (жетекшілері: РҒА корреспондент-мүшесі С.И. Кабанихин және профессор М.А. Шишленин) «Шекараның бір бөлігінен шешімнің жалғастыру есептерінде Коши деректерін зерттеу» тақырыбында семинар отырысын өткізді.

РҒА корреспондент-мүшесі Сергей Игорьевич Кабанихин баяндамасында, дербес туындылы теңдеулер үшін Коши есебінің шекараның бір бөлігінде деректері қисынды емес қойылуын талдады. Шекараның бір бөлігі бойынша Коши деректері өзара байланысты шекараларының нұсқалары (уақыт тәрізді, сипаттамалық, кеңістік тәрізді) қарастырылды. Жалғастыру есебінің орнықсыздығына алып келетін шарттар алынғанын баяндады.

АЕТИ қызметкерлері сонымен қатар НМУ-дағы Медицина және медициналық технологиялар институтына, смарт-технологиялар және жасанды интеллект орталығына және Мемлекеттік органдармен және өнеркәсіптік серіктестермен өзара әрекеттесу орталығына барды.

Бұл кездесулер мен бірлескен талқылаулар сайып келгенде халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа зерттеу нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал етеді.