Сапар аясында Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының өкілдері Ионосфера институтының ғылыми зертханаларының қызметімен, зерттеу инфрақұрылымымен және жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларымен танысты.
Талқылау барысында өзара қызығушылық тудыратын ынтымақтастықтың ионосфералық процестерді мониторингтеу және модельдеу, үлкен деректерді өңдеу, суперкомпьютерлік технологияларды қолдану, сондай-ақ аэроғарыш саласына цифрлық шешімдерді енгізу сияқты басым бағыттары айқындалды. Жоғарғы атмосфера физикасы саласындағы іргелі зерттеулерді заманауи ақпараттық-есептеу әдістерімен ұштастыратын пәнаралық тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары белгіленді:
Тараптар елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін дамытуға және аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық жобаларды іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікке дайын екендіктерін білдірді.