kzru

2023 жылғы 12 сәуірде Ғылым күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы есеп

10 сәуірде АҚИ Ғылым апталығы аясында алдағы 12 сәуірде Ғылым қызметкерлері күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Отырысты институттың бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Ғ.Мұтанов ашып, АҚИ ғалымдары мен қызметкерлерін Ғылым күнімен құттықтап, оларға ғылыми қызметтерінде табыс тіледі. Ол бұл күн қазақстандық ғалымдар мен ғылыми жұртшылық үшін үлкен мереке болып табылатынын атап өтіп, әлемдік ғылым талаптарына жауап беретін зерттеулер, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, сондай-ақ жоғары білікті кадрлар даярлау еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Ғылым күніне орай институтта жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар үшін бірқатар ғылыми семинарлар мен шеберлік сыныптары өтеді. Сондай-ақ, біздің ғалымдар Ғылым күніне орай Астана қаласында және Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтетін ғылыми қызмет нәтижелерінің көрмесіне қатысады.

Одан әрі ғалым хатшы О.А. Усатова дөңгелек үстелге қатысушыларды жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасымен таныстырды.

2023 жылдың 13 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Ғылым апталығы аясында ғылыми жетістіктер көрмесі өтуде. ҚР ҰҒА академигі М.Н. Қалимолдаев бастаған біздің институттың ғалымдары аталған іс-шараға белсене қатысып, өз әзірлемелерін ұсынды.

10 сәуірде институттың бас ғылыми хатшысы Ольга Александровна Усатова Ғылым апталығы аясында «Тұран» университетінің студенттері мен магистранттарына арналған «Ғылыми мақала жазу әдістемелерін зерттеу» атты шеберлік сыныбын өткізді.

2023 жылғы 14 сәуірде Ғылым апталығы шеңберінде институтта Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі мамандығының магистранттары мен докторанттары үшін «Қысқа толқынды байланыс арналарындағы келіссөздерді қорғауға арналған ақпаратты криптографиялық қорғау құралы» тақырыбында мастер-класс өтті. Лектор – к.т.н. Н.А.Капалова

ЖОО түлектері, магистранттар мен докторанттар үшін (зертханалардың ғылыми-зерттеу қызметімен және Деректерді өңдеу орталығының жұмысымен танысу) АЕТИ ашық есік күнін О.А. Усатова, М.Т. Аршидинова және жүйелік әкімші Р.А. Шахмаев өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің студенттеріне арналған «Көміртекті наноструктуралар: қасиеттері және қазіргі заманғы нанотехнологияларда қолданылуы» атты шеберлік сыныбын PhD Г. Мұсабек өткізді.

14 сәуірде Ғылым апталығы аясында Наноматериалдарды модельдеу және болжамды талдау зертханасы мен ҚР ҚМ БҒМ Ақпараттық қауіпсіздік зертханасының ғылыми-зерттеу қызметінің тұсаукесері өтті

14 сәуірде «Қазақ тілінің зияткерлік даму өрісі: ғылым және мәдениет» республикалық ғылыми конференциясында PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Ақпараттық және есептеу технологиялары институты директорының орынбасары Өркен Жұмажанұлы Мамырбаев баяндама жасады. ІТ-мамандар қазақ аудиосының мағынасын ашуға арналған құралды ойлап табуды армандаған кезде мұндай құрал жасалды. Бүгінгі кездесуде Өркен Мамырбаев қазақ тілінің мәтінін тарататын қосымша жасағанын айтты. Кез келген тілдік қосымшаны енгізу үшін интернетте сапалы мәтіндік және аудио контент болуы тиіс, деді ол.

Өркен Жұмажанұлы лингвистер мен филологтармен кеңесіп, мәтін мен аудио жинап, редакциялап, жаңа құрал әзірледі. Мәтінді транскрипциялау құралы лингвистерге, филологтарға, ғалымдар мен журналистерге пайдалы болады.

Мамырбаев Өркен жұмыс істейтін институт құрған жеделбот сіздің тікелей сөзіңізді мәтінге айналдырады. Оны жақсарту үшін қаражат қажет.

17.04.2023 ж. Ғылым күніне орай АЕТИ ғалымдарына ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігінің ведомстволық наградалары табыс етілді.

Құрмет грамоталарын Бас ғалым хатшы, PhD докторы О.А.Усатова және ғ.т.ғ.к. Профессор Р.Р. Мұсабаев адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Алғыс хатқа PhD докторы Күнболат Алғазы ие болды.

АЕТИ ұжымы ғалымдарды еңбегі сіңген наградасымен шын жүректен құттықтап, еліміздің өркендеуі үшін ғылым саласында жаңа жетістіктер тіледі.
Өркен дауысты WhatsApp-та мәтінге айналдыратын құрал жасағанын айтты.