kzru

12 сәуірде Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі

«Ғылым апталығын» мерекелеу аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, онда ғылыми саланың соңғы жетістіктері мен әзірлемелері, сондай-ақ көрнекті ғалымдардың баяндамалары көрсетіледі.
Іс-шаралар жоспары:
✅11 сәуірде сағат 10-00-де Astana IT University-де әлемнің жетекші институттарының шетелдік ғалымдарының дәрістері өтеді. Лекторлар: Зинетулла Инсепов (АҚШ), Мұрат Сапарбаев (Франция), Жәнібек Алпішев (Австрия), Дияр Талбаев (АҚШ).
✅11 сәуірде сағат 14: 00-де Гумилев атындағы ЕҰУ-де “Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігі тарих толқынында. Қазақ Мемлекеті XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталарда. Атлас “.
✅12 сәуірде сағат 10-00-де АХҚО-да технологияларды коммерцияландыру реакторы өтеді, онда соңғы ғылыми және техникалық әзірлемелер ұсынылады.
✅12 сәуірде сағат 10-00-де Алматы қаласындағы Satbayev University-де «International Satbayev Conference 2023» «Ғылым және технологиялар: идеядан енгізуге дейін» халықаралық конференциясы өтеді.
✅12 сәуірде сағат 10-00-де Павлодар қаласындағы Toraighyrov University-де «Сәтпаев оқулары» XXIII халықаралық ғылыми конференциясы өтеді
✅12 сәуірде сағат 10-00-де Astana IT University-де ҚР Жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтеді
✅12 сәуірде сағат 17: 00-де «Шабыт» ҚАЗНМИ-де Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді. Көрнекті ғылыми қызметкерлерді марапаттау.
✅13 сәуірде сағат 10-00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ғылыми жетістіктердің көрмесі, сондай-ақ бизнес өкілдері мен ғалымдардың кездесулері өтеді.
✅14 сәуірде сағат 10-00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Түркі әлемінің ұлттық ғылым академиялары одағының (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыстан, Түркия, Татарстан, Башқұртстан) Бас Ассамблеясының 6-шы отырысы өтеді.