2025 жылдың 18 сәуірінде сағат 15-00-де Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтында халықаралық семинар аясында әлемдік жетекші «Taylor&Francis Group, Rutledge» баспа үйі басып шығарылған, Академик Галимкаир Мутановпен Йиваскилла университетінің (Финляндия) шетелдік ғалымдарымен, профессорлар Айжаз Шейхпен және Хейки Каралутонның бірігуімен «Blockchain, Metaverse and Digital payments, a global digital consumer perspective” кітабының тұсау кесері өтеді.
Қосылу сілтемесі: https://jinalysroom.kz/b/eue-ooc-c1v-yht
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институты 2025 жылғы 4 сәуірде сағат 11: 00-де «Геология және геофизикадағы есептеу ақпараттық технологиялары» тақырыбында вебинар өткізеді.
Негізгі мақсаты: Ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, геология ғылымдарын дамытуға және геология мен геофизикада, ғылыми зерттеулерде, өнеркәсіп пен білім беруде есептеу және ақпараттық технологияларды қолдануға жәрдемдесу.
Өзекті мәселелер:
Тілек білдірушілерді осы тақырыптарда баяндама жасауға шақырамыз.
Өткізілетін орны: Вебинар Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Ходжанов к-сі, 67, 6 қабат мекен-жайы бойынша ҚР Ұлттық инженерлік академиясында өткізіледі.
Басқа елдер мен қалалардан келген қатысушыларға онлайн форматта сөз сөйлеу мүмкіндігі беріледі.
Вебинарды ұйымдастырушы: ҚР Ұлттық инженерлік академиясының есептеу және ақпараттық технологиялар бөлімі.
Ұйымдастырушылардың байланыс деректері:
Тел: +7 (747) 7007679, e-mail: dtamabay@gmail.com