1 сәуір күні ҚР ҒЖБМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының Р.Г. Бияшев атындағы Ақпараттық қауіпсіздік зертханасының кезекті ғылыми семинары өтті. Іс-шараға шетелдік ғалым Явич М.П. қатысып, «IoT-Oriented Digital Signature Defense Against Single-Trace Belief Propagation Attacks» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама Интернет заттары жүйелерінде цифрлық қолтаңбалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдеріне арналды.
Өз баяндамасы барысында спикер криптографиялық алгоритмдердің заманауи шабуыл түрлеріне төзімділігін арттыруға бағытталған зерттеу нәтижелерін ұсынды. IoT ортасында цифрлық қолтаңбаларды іске асыру ерекшеліктері қарастырылып, сондай-ақ есептеу ресурстарының шектеулері мен құрылғылардың энергия тиімділігі талаптарын ескеретін қорғаныс әдістері ұсынылды.
Іс-шара барысында өзекті ғылыми бағыттар талқыланды, оның ішінде үлестірілген жүйелердегі деректерді қорғау, ендірілген құрылғылардың қауіпсіздігі және жаңа криптографиялық шешімдерді практикаға енгізу перспективалары қарастырылды.
Профессор М.П. Явичтың баяндамасы қызу пікірталас тудырып, қатысушылар ұсынылған тәсілдер бойынша пікір алмасып, оларды одан әрі дамыту және қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Семинар қатысушылары мұндай іс-шаралардың ғылыми өзара іс-қимылды кеңейту, озық тәжірибе алмасу және жаңа кәсіби байланыстар орнату үшін маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, халықаралық қатысудың отандық ғылымды дамытудағы және оны әлемдік ғылыми қауымдастыққа интеграциялаудағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.