Қазақстандық ғалымдар, соның ішінде ИИВТ ғалымдары жасанды интеллект негізінде сурдо-ресурстық кешенді әзірлеу бойынша BR24992875 жобасы аясында Токай университетіне (Жапония) зерттеу сапарымен барды.
Визит барысында олар ым-ишара тілін тану, сигналдарды аудару және автоматтандырылған сурдо-жүйелер бойынша заманауи технологияларды зерттеді. Сондай-ақ, жетекші жапондық зерттеушілермен кездесулер өтіп, аудиовизуалды ақпаратты өңдеудің перспективті әдістері, сенсорлық технологиялар және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған роботтарды қолдану мәселелері талқыланды.
Сапар ғылыми байланыстарды нығайтуға, одан әрі зерттеулердің бағыттарын айқындауға және жаңа технологияларды жобаға енгізуге ықпал етті.