Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, сондай-ақ ғылымға қосқан үлесі үшін Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының ғалымдары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

  1. Бас директордың міндетін атқарушы, ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор Мутанов Г. – «II дәрежелі Барыс» орденімен
  2. Бас директордың кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор Калимолдаев М.Н. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен 
  3. Т.ғ.д., профессор Бияшев Р.Г. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен 

Институт ұжымы біздің ғалымдарымызды құттықтап, отандық ғылымның игілігі жолында жемісті қызмет тілейді!

Leave a Reply