kzruen

Қазақстан ғалымдары Польшада бірлескен ғылыми жоба бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті  – Ақпараттық және есептеу технологиялар институтының ғалымдары Польша мемлекетінің алдыңғы қатардағы ЖОО Люблин техникалық университетіне ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша іс -сапарымен барды.

Бұл күндері Қазақстан ғалымдары  польшалық әріптестерімен бірлесіп Оптоэлектроника зертханалары базасында  зерттеу жұмыстарын жүргізуді бастап кетті. Эксперименттік жұмыстарын «GF no AP19679153 — “psbc (Photonic Smart Bragg Composites) кіріктірілген фотонды датчиктері бар композиттік құрылымдарды құру әдісі мен технологиясын зерттеу және әзірлеу» ғылыми жобасы шеңберінде жүзеге асыру мақсатында жүргізуде.

Жоба негізінен нақты уақыттағы механикалық кернеулерді тіркеуге қабілетті интеграцияланған оптикалық сенсорлары бар жаңа буын интеллектуалды материалдарын жасауға бағытталған. Бұл зерттеу жұмыстары еліміз үшін стратегиялық  маңызы зор.

Өйткені, жобаның көрсеткіштері нәтижелері авиация өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс және көлік инфрақұрылымы сияқты негізгі салаларда сенімділік пен қауіпсіздікті арттыру үшін пайдаланылуға негізделген. Осыдай әріптестік байланыстар Ақпараттық және есептеу технологиялар институты мен Люблин техникалық университеті арасындағы ынтымақтастық,  халықаралық ғылыми жұмыстарды алға қарай  дамытуға және озық технологиялармен алмасуда маңызды рөл атқарады. Осы іс сапар барысында, институттың ғалымдары эксперименттік қондырғыларды польшалық ғалымдармен бірлесіп әзірлеу, фотондық сенсорларды композиттік материалдарға біріктіру әдістері бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ, бірлескен ғылыми жарияланымдар мен білім беру бастамаларын дайындауды, жүзеге асырылуы көзделіп отыр. Мұндай ғылыми қарым қатынастар Қазақстанның халықаралық ғылыми-технологиялық кеңістіктегі ұстанымын нығайтып және келешекте зияткерлік инженерлік мәселелерді дамытуға ауқымды үлес қосатыны анық.