enrukz
enrukz

Үлкен деректерді интеллектуалды талдау зертханасы

Зертхана меңгерушісі т.ғ.к.,

доцент Пак А.А.

Зертхана мақсаты:

– Үлкен берілген мәліметтерді анализдеу және өңдеудің ғылыми әдістерін, атап айтқанда, дәстүрлі алгоритмдердің өңдеу және анализдеуінің алдында қолжетімді емес жаңа білімдер мен заңдылықтарды іздеу мен алу мақсатында әдістерді жетілдіру мен қолдануды зерттеу.

Зертхананың негізгі міндеттері:

  • Клиенттер үшін кеңестерді таңдаудың ақпараттық жүйесін жобалауда машиналық оқыту элементтерін қолдану;
  • Мамандандырылған жүйелердің (экологиялық және басқадай жүйелер) кіріктірілген акпараттық жүйесі үшін берілген мәліметтердің корпоративтік базасын әзірлеу;
  • Жоғары өнімді есептеу жүйелері, есептеу кластерлері және суперкомпьютерлер үшін программалық қамтамасыз етуді жобалау, пайдалану және әзірлеу;
  • Суперкомпьютерді қолдана отырып, есептеуіш эксперименттерінің эксперименттік және өндірістік алаңдарын кеңейту (ҚазҰУ, ҚазҒТУ т.б.).

Зертхананың ғылыми қызметінің басты бағыттары:

  • Data Mining әдістері;
  • Берілген мәліметтердің ауыстырылымдығы мен интеграциясы;
  • Машиналық оқытуды қолдану;
  • Болжамдау аналитикасы.

Алынған нәтижелер

Көліктік тасымалдауды басқарудың ақпараттық-логистикалық модельдері мен әдістерінің кешені әзірленді. Тасымалдауды тиімді жоспарлау мен басқару мақсатында тасымалдау жүйесіндегі графтық модель негізінде берілген мәліметтердің кеңістіктік-желілік базасы әзірленді.

Ксенобиотиктермен ластанған топырақты қалпына келтірудің ақпараттық жүйесі жобаланды. Пестицидтармен ластанған аумақтар туралы, осы аумақтардағы ескірген пестицидтердің саны туралы және топырақтың хлорлық-органикалық пестицидтермен ластану деңгейі туралы ақпараттардан тұратын берілген мәліметтердің корпоративтік базасы әзірленді.