kzruen

Трансшекаралық ақпаратпен қорғалынған өзара әрекеттесудің қазақстандық сегментін құр

Жоба туралы ақпарат

Жобаның түрі: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы

Жобаның шифры: AP05132584 (01.01.2018 – 31.12.2020)

Атауы: Трансшекаралық ақпаратпен қорғалынған өзара әрекеттесудің қазақстандық сегментін құр.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: Шифрлау жүйелері, электрондық сандық қолтаңба жүйелері, қолжетімділікті шектеу жүйелері және қақтығыс жағдайларды шешу жүйелері

Жұмыс мақсаты: Қазақстанның халықаралық, соның ішінде ТМД және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен өзара әрекеттесудегі қорғалған трансшекаралық ақпараттық электрондық құжаттармен алмасудың қазақстандық сегментіндегі автоматтандырылған жүйесін құру.

Зерттеу әдістері: Трансшекаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуде криптоқорғау әдістері тиімді болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздік криптожүйелерін құрастыру барысында позициялық емес полиномиалды санау жүйелеріне негізделген алгебралық тәсіл қолданылады.

Қолдану облысы: Электрондық деректермен алмасатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар.

Ғылыми жетекші: Бияшев Р.Г. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)

Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ