enrukz
enrukz

Позитив жарты реттер және олардағы есептелімді көшіруді деректер базаларының математикалық моделі ретінде қарастыру

Жоба туралы ақпарат

Жобаның түрі: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы

Жобаның шифры: AP05131579 (01.01.2018 – 31.12.2020)

Атауы: Позитив жарты реттер және олардағы есептелімді көшіруді деректер базаларының математикалық моделі ретінде қарастыру.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: Есептелімді көшіруге қатысты позитив жарты реттер құрылымы.

Жұмыс мақсаты: Осы жобаның мақсаты – деректер базасының математикалық моделі ретінде позитив жарты реттермен индукцияленген алғаш реттелген құрылымдарды ұсыну, алгоритмдік көшіруге байланысты позитив жарты реттердің дәрежелерінің құрылымының алгебралық және алгоритмдік қасиеттерін зерттеу; позитив жарты реттердің есептелімді изоморфизм типтерін сипаттау; әртүрлі позитив жарты реттер кластарының универсалды жарты реттерді сипаттау; кейбір  позитив жарты реттердің алгоритмдік қиындылығына баға беру; деректер базасының моделдерінің жалпылауларын құру көзделеді.

Зерттеу әдістері: Негізінде осы жобадағы зерттеулер теоретикалық тұрғыдан жасаланылады, оның нәтижелері қатаң дәлелденген теоремалар түрінде алынып ғылыми баспаларда жарық көреді. Зерттеу мақсатқа жету үшін есептелімділік теория, нөмірлеу теория және конструктив моделдер теориясының әдістері кенінен қолданылады. Олардың ішінде Клинидің рекурсия теоремасы мен  оның кейбір жалпылаулары, сонымен қатар  “приоритет әдісінің” ақырлы және ақырсыз түрлері позитив реттерді құрастыру үшін ерекше пайдаланылады.

Қолдану облысы: Жобадағы ұсынған деректер базасының математикалық моделінің концепциялары алып деректер базаларының технологиясын құрастыру және олардың тиімділігін қамтамасыз етуіне қолданылатын  болады. Зерттеудің нәтижелері конструктив  моделдер теориясының бір позитив нөмірленген моделді екіншісіне интерпритаия талдау мыселесін шешуде пайдалы болады.

Ғылыми жетекші: Бадаев С.А. (Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ).

Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ.