kzruen

М.Б. Айдарханов атындағы бейнелерді тану және шешімдер қабылдау зертханасы

Зертхана меңгерушісі ф.-м.ғ.д,

профессор Арсланов М.З.

Шешімдер қабылдау есептері үшін математикалық модельдер мен әдістерді әзірлеу және зерттеу. Мәліметтерді тану мен жіктеу, анализдеу, өңдеу және тасымалдау. Комбинаторлық оңтайландырудың тиімді алгоритмдері.

Тікбұрышты пішу есептері үшін тиімді полиномиалдық алгоритмдерді әзірлеу.

«The Open Problems Project»-ң шешілмеген есептері тізімінен 56-есеп үшін кесімді-желілік функцияның кіші графигі үшін бірліктік квадраттарды оңтайлы жиындаудың тиімді полинотиалдық алгоритмі әзірленді.

Топтық синтездің қасиеттері туралы теоремалар дәлелденді, бейнелерді жіктеу мен тану есептерін шешу үшін топтық синтездің модельдері, әдістері мен алгоритмдері әзірленді.

Тікбұрышты әдіс есебінде математикалық модельдер мен есептердің эквиваленттілік әдістері, сондай-ақ тікбұрышты әдісте параметрлерді азайту алгоритмдері ұсынылды.

  • Тікбұрышты әдістегі екіжақтылы қосұдайылық теоремасы дәлелденді.
  • Кубоидты екі кіші кубоидке азайтылған пішу есебінің шешімдерінің дөңес қабығын құрудың әдістері, модельдері және полиномталдық алгоритмдері әзірленді.

Интеллектуалдық меншік туралы куәліктер алынды:

  1. Ас. 009126. Программа разбиения многомерных векторов на классы / С.А. Мустафин, М.З. Арсланов, С.М. Гречко; опубл. 2017. – 25 с.
  2. 2. Ас. 007940. Программа разбиения прямоугольного листа на меньшие прямоугольники / М.З. Арсланов, С.А. Мустафин, С.М. Гречко; опубл. 2017. – 20 с.