Жобаның түрі: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы
Жобаның шифры: AP05130018 (01.01.2018 – 31.12.2020)
Атауы: Күрделі нысандарды интеллектуалды басқару жүйесіне арналған жасанды интеллект тəсілдері негізіндегі танымдық (когнитивті) Smart технологиясын жасау.
Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: Жасанды иммундық жүйелер
Жұмыс мақсаты: Есептеуіш техниканың заманауи құралдарын қолдану арқылы жасанды интеллекттің басқа да әдістерін қолдану мен жасанды иммундық жүйенің (ЖИЖ) жаңа әдістерін құрастыру негізінде әртүрлі қосымшалар үшін параметрлік белгісіздік жағдайында күрделі сызықтық емес динамикалық объектілерді басқарудың тиімді интеллектуалдық жүйесін құрастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді, алгоритмдерді, моделдерді және когнитивтік Smart-технологияны құрастыру.
Зерттеу әдістері: Биоинформатиканың теориялық негіздері; жүйелік талдау; жасанды интеллектің теориялық негіздері; иммунология мен хемометриканың негіздері; автоматтық басқару теориясы; бейне тану теориясы; матрицалар теориясы; когнитивтік әдіс; онтологиялық әдіс; мультиагенттік әдіс; деректерді статистикалық талдау; бұлдыр жиын және жүйе теориясы; объектілі – бағытталған программалау технологиясы және желілік технология.
Қолдану облысы: Жобаны орындау барысында білім және мұнай-газ саласындағы технологиялық процесстерді, өндірістік автоматтандыру жүйелерінде техникалық, технологиялық және әлеуметтік-экономикалық күрделі объектілерді басқару үшін нақты тәжірибелік қосымшаларды жүзеге асыруда ұсынылған когнитивтік Smart – технологияны апробациялау орындалатын болады.
Ғылыми жетекші: Самигулина Г.А. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)
Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ