enrukz
enrukz

Криптографиялық кілттерді басқару жүйесін жасау

Жоба туралы ақпарат

Жобаның түрі: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің  гранттық қаржыландыруы

Жобаның шифры: AP05132568 (01.01.2018 – 31.12.2020)

Атауы: Криптографиялық кілттерді басқару жүйесін жасау.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: Зерттеу нысаны болып криптографиялық кілттерді басқару жүйесін мен полиномдық емес санау жүйесі негізінде құрылған шифрлеу жүйесі  табылады

Жұмыс мақсаты: Криптографиялық кілттерді генерациялау мен таратудың алгоритмдерін құру және зерттеу, олардың сенімділігін бағалау және бағдарламалық  жүзеге асыру

Зерттеу әдістері: Мақсатқа жету және зерттеу міндеттерін шешу үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды: алгебра, сандар теориясы, модулярлық арифметика, ықтималдылықтар теориясы, криптография, криптоталдау.

Қолдану облысы: Зерттеу нәтижелері тек ақпараттық жүйелерде ғана емес, сонымен бірге басқа мақсаттағы жүйелерде де электронды ақпаратты қорғауға және жіберуге қолданылады.

Ғылыми жетекші: Нысанбаева С.Е. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)

Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ