enrukz
enrukz

Жүйелік талдау және басқару зертханасы

Зертхана меңгерушісі ҚР ҰҒА академигі,

т.ғ.д, Ашимов А.А.

Жүйелілік анализ және басқару зертханасы «Нарықтық экономика тетіктерін реттеудің параметриялық теориясының дамуы және қолданылуы» атты №7.718 БҒМ.09 «У» (2009-2011 ж.ж.) программаны, «Нарықтық экономика эволюциясын параметриялық реттеу теориясының дамуы мен қолданылуы» атты «У» №747.БҒМ.МҚ (ГФ).12.5 2012 ж. 03.02 программаны (2012-2014 ж.ж.) әзірлеуге қатысты және қатысуда.

Көрсетілген программаларды әзірлеу шеңберінде сегіз компоненттен тұратын параметриялық реттеу теориясы ұсынылды.

Тең ықпалды көп елдік динамикалық стохастикалық модельдің (бұдан әріде 1-модель) агенттерінің оңтайландырылған есептерінің шешімдерінің күшінде болу шарттарын бағалау шеңберінде төмендегідей нәтижелер алынды:

  • Негізгі міндеттер қалыптастырылды: үйшаруашылығы агенті (үнемді ұқыпты немесе ысырапшыл) міндеттері, өндіруші агент міндеттері және тиісті шектеулер жағдайындағы өзінің пайдалылық функциясын максимизациялау бойынша моделінің екінші деңгейлік банк агенті.
  • 1 модель агенттерінің көрсетілген негізгі есептерінің шешімдерінің бар болуының жеткілікті шарттары туралы Симс теоремасының шарттарының орындалуы бағаланды.

Орталықта әзірленетін модельдер үшін мәліметтер базасын алу және өзектілендіру мақсатындағы ақпараттық технологияларды әзірлеу мен тестілеу шеңберінде мына төмендегідей нәтижелер алынды:

  • Globe (2 Модель) жалпы тең ықпалды типінің динамикалық есептеу моделі үшін бастапқы мәліметтер болып табылатын әлеуметтік есепшот (SAM) матрицаларының жиынды элементтерінің GTAP базасында жоқ болып есептелетін бағалаудың ірілендірілген алгоритмдері әзірленді. SAM кестесінде көрсетілген элементтерді есептеу үшін VBA орта ішінде программалық қамтамасыз ету әзірленді. Әзірленген программалық қамтамасыз ету 2004, 2007 және 2011 жылдардағы жұмыс үшін GTAP базасынан алынған эталондық SAM кестесінің жиынындарында табысты тестіленді.
  • 2004 жылдан 2021 ж. дейінгі Модельдерің есебі үшін 9 Аймаққа арналған SAM кестесінің (және басқа да экзогендік параметрлер) толық жиыны алынды.
  • Мұнайға әлемдік бағаны болжамдаудың теориясы мен әдістерінің қазіргі жай-күйі анализделінді. Ол мұнайдың әлемдік нарқының дамуының кезеңдер бойынша (сатылар) мұнай бағасына ықпал жасайтын факторларды ескере отырып, бағаның (құнның) пайда болу (қалыптасу) тетіктері шеңберінде жүзеге асырылды.

Бағаның мұнайға, ұлттық экономика эволюциясына ықпалының теориясы мен әдістерінің қазіргі жай-күйінің анализі шеңберінде төмендегідей мәселер қарастырылады:

  • Бағаның мұнайға, ТМД елдерінің экономикасына ықпалы;
  • 2002 жылдың бірінші жартысында, 2018 жылда мұнай бағасының өсуінің индустриалды дамыған елдердің экономикасына ықпалы;
  • Арзан мұнай жағдайындағы әлем экономикасы;
  • Мұнай бағасының Қазақстан экономикасына ықпалы;

Мұнай рыногында бағаның қалыптасуын модельдеудің қазіргі жай-күйі және оның ұлттық экономика эволюциясына ықпалы мұнай рыногындағы бағаның қалыптасуының бірқатар нақты модельдерінің үлгісінде төмендегідей анализделінді:

  • 1980 жылдардан – 1990 жылдардағы мұнай рыногының көрсеткіштерінің динамикасының моделі;
  • Мұнайға әлемдік бағаларға МЭМҰ ықпалының моделі;
  • МЭМҰ-на кірмейтін елдердің мұнай ұсынуын бағалаудың эконометрикалық моделі;
  • Мұнайға сұраныстың құрылымдық талдауға қөзқарасы;
  • Мұнайға сұраныстың эконометриялық моделі;

Қарастырылған модельдер негізінде мұнайдың әлемдік бағасының ықпалын ескеру мақсатында ЕЭО елдерінің модельдерінің Параметриялық реттеу Орталығында құрылған нұсқаларының дамуы бойынша ұсыныстар жасалды.

ЕЭО елдерінің өзара және ЕЭО шеңберінде басқа елдермен өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша 2016 жылдың жаңа материалдарына шолу жасалды. Осының негізінде оларды ЕЭО-ын сипаттау үшін математикалық модельдердің дамуында ескеру мақсатында ұсыныстар дайындалды.

Программаның тематикасы бойынша 124 ғылыми еңбек жарияланды, соның ішінде 5 монографияның екеуі АҚШ-та «Springer» баспасында, үшеуі Мәскеуде «Физматлит» баспасында және 48 мақалалар мен баяндамалар алыс шетелдерде жарияланды, ал 6 жарияланым рейтингілері жоғары “Kybernetes” және “Автоматика және телемеханика” атты импакт-факторлары жоғары журналдарда жарық көрді.

Өнертабыстық патенттер алынды:

№ 2444051 өнертабысына: Экономикалық жүйелерді визуалды модельдеу жүйесі. Патент иегерлері: Арлазаров В.Л., Адилов Ж.М., Ашимов А.А., Ашимов Ас.А., Боровский Ю.В., Боровский Н.Ю., Морозов В.П., Морозов А.В., Султанов Б.Т., Янишевский И.М. 2012 жылы 27 ақпанда өнертабыстардың РФ Мемлекеттік реестрінде.

Жүзеге асырылуы: 2009-2011 жылдарға арналған нарықтық экономиканың тетіктерін параметриялық реттеу теориясы базасында тиімді мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру әдістерінің дамуы бойынша ғылыми-техникалық программа.