Жүйелілік анализ және басқару зертханасы «Нарықтық экономика тетіктерін реттеудің параметриялық теориясының дамуы және қолданылуы» атты №7.718 БҒМ.09 «У» (2009-2011 ж.ж.) программаны, «Нарықтық экономика эволюциясын параметриялық реттеу теориясының дамуы мен қолданылуы» атты «У» №747.БҒМ.МҚ (ГФ).12.5 2012 ж. 03.02 программаны (2012-2014 ж.ж.) әзірлеуге қатысты және қатысуда.
Көрсетілген программаларды әзірлеу шеңберінде сегіз компоненттен тұратын параметриялық реттеу теориясы ұсынылды.
Тең ықпалды көп елдік динамикалық стохастикалық модельдің (бұдан әріде 1-модель) агенттерінің оңтайландырылған есептерінің шешімдерінің күшінде болу шарттарын бағалау шеңберінде төмендегідей нәтижелер алынды:
Орталықта әзірленетін модельдер үшін мәліметтер базасын алу және өзектілендіру мақсатындағы ақпараттық технологияларды әзірлеу мен тестілеу шеңберінде мына төмендегідей нәтижелер алынды:
Бағаның мұнайға, ұлттық экономика эволюциясына ықпалының теориясы мен әдістерінің қазіргі жай-күйінің анализі шеңберінде төмендегідей мәселер қарастырылады:
Мұнай рыногында бағаның қалыптасуын модельдеудің қазіргі жай-күйі және оның ұлттық экономика эволюциясына ықпалы мұнай рыногындағы бағаның қалыптасуының бірқатар нақты модельдерінің үлгісінде төмендегідей анализделінді:
Қарастырылған модельдер негізінде мұнайдың әлемдік бағасының ықпалын ескеру мақсатында ЕЭО елдерінің модельдерінің Параметриялық реттеу Орталығында құрылған нұсқаларының дамуы бойынша ұсыныстар жасалды.
ЕЭО елдерінің өзара және ЕЭО шеңберінде басқа елдермен өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша 2016 жылдың жаңа материалдарына шолу жасалды. Осының негізінде оларды ЕЭО-ын сипаттау үшін математикалық модельдердің дамуында ескеру мақсатында ұсыныстар дайындалды.
Программаның тематикасы бойынша 124 ғылыми еңбек жарияланды, соның ішінде 5 монографияның екеуі АҚШ-та «Springer» баспасында, үшеуі Мәскеуде «Физматлит» баспасында және 48 мақалалар мен баяндамалар алыс шетелдерде жарияланды, ал 6 жарияланым рейтингілері жоғары “Kybernetes” және “Автоматика және телемеханика” атты импакт-факторлары жоғары журналдарда жарық көрді.
Өнертабыстық патенттер алынды:
№ 2444051 өнертабысына: Экономикалық жүйелерді визуалды модельдеу жүйесі. Патент иегерлері: Арлазаров В.Л., Адилов Ж.М., Ашимов А.А., Ашимов Ас.А., Боровский Ю.В., Боровский Н.Ю., Морозов В.П., Морозов А.В., Султанов Б.Т., Янишевский И.М. 2012 жылы 27 ақпанда өнертабыстардың РФ Мемлекеттік реестрінде.
Жүзеге асырылуы: 2009-2011 жылдарға арналған нарықтық экономиканың тетіктерін параметриялық реттеу теориясы базасында тиімді мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру әдістерінің дамуы бойынша ғылыми-техникалық программа.