enrukz
enrukz

Білім беру бағдарламалары мен процестерін іске асыруда Smart-технологияның онтологиялық көзқарастары мен құралдарын пайдалана отырып, білімді ұйымдастырудың үлгілері мен әдістерін зерттеу және жасау

Жоба туралы ақпарат

Жобаның түрі: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Гранттық қаржыландыру.

Жобаның шифры: AP05134973 (01.01.2018 – 31.12.2020)

Атауы: Білім беру бағдарламалары мен процестерін іске асыруда Smart-технологияның онтологиялық көзқарастары мен құралдарын пайдалана отырып, білімді ұйымдастырудың үлгілері мен әдістерін зерттеу және жасау.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: Студенттердің білім беру және танымдық белсенділігін күшейтудегі интегративті және күрделі құралдары ретінде инновациялық оқыту технологиялары болып табылады.

Жұмыс мақсаты: Smart-орта репозиториясының білім компонентін қалыптастыру мақсатында онтологиялық Инжинирингті, құзыреттілік және жобалық тәсілдерді пайдалана отырып, білім беру бағдарламасының пәндерінің (модульдерінің) жұмыс бағдарламаларын және оқу траекторияларын жобалау үшін оларды кейіннен пайдалану арқылы білім беру мен ұйымдастырудың инновациялық әдістемесін әзірлеу.  Әдістемені іске асыру smart-оқыту нысанында білім беру порталы түрінде жүзеге асырылады.

Зерттеу әдістері:  Білімді бейнелеудің желілік моделіне негізделген білімді шығарудың формальды жүйелері мен рәсімдері;  онтологиялық инжиниринг білімді талдау және құрылымдау құралы ретінде; пәндік саладағы инженерия, пәндік саладағы білімді анықтау және абстрагирлеу құралы ретінде;  объектілі-бағытталған технология және тудыратын бағдарламалау; компоненттік тәсіл, ортақтылық пен өзгергіштікті талдау.

Қолдану облысы: Ғылыми және электрондық оқу үдерістеріндегі  смарт технология.

Ғылыми жетекші: Кубеков Б.С. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)

Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ.