enrukz
enrukz

Байестік желі тапсырмаларын шешуге арналған қолданбалы бағдарламалар пакетін құру және бағдарламалық жүзеге асыру

Жоба туралы ақпарат

Жобаның түрі: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы

Жобаның шифры: AP05131293 (03.01.2018 – 31.12.2020)

Атауы: Байестік желі тапсырмаларын шешуге арналған қолданбалы бағдарламалар пакетін құру және бағдарламалық жүзеге асыру.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі:  Байестік желілердің жалпы теориясы. Байес желілерінде есептеулер жүргізу үшін алгоритмдер құру. Программалық кодта алгоритмдерді жүзеге асыру. Байес желілерімен жұмыс істеуге арналған графикалық модульдерді құру. Қолданбалы зерттеушілердің жұмысына бағытталған бағдарламалық пакеттің жалпы идеологиясын құру. Windows 10 + C # + Visual Studio 2013 ортасында бағдарламалық кешен құру

Жұмыс мақсаты: Қолданбалы ғылымдар саласындағы зерттеушіге бағытталған Байес желілерімен жұмыс істеуге арналған қолданбалы программалар пакетін құру. Пакетпен жұмыс жасау арнайы программалау дағдыларын немесе пайдаланушының математика туралы білімін қажет етпеуі керек. Қолданушының пакетпен жұмыс істеуі интерактивті режимде жүзеге асады және математика мен программалауда қолданылатын арнайы терминалогиялар минималды  қолдануы керек.

Зерттеу әдістері: Байес желілерімен жұмыс істеуге арналған программалық өнімдердің әлемдік нарығын зерттеу, бағдарламалық өнімдердің деректерін талдау. Байес желілерінде әртүрлі есептеулер жүргізу үшін алгоритмдер құру. Программалық кодты жазу. Алгоритмдер мен программалық кодты тестілеу, түзету

Қолдану облысы: Жұмыстың нәтижелерін әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қауымдастығы және көпшілік қауым арасында тарату: Ғылымның қолданбалы сала мамандарының игеруіне қиындық туғызбайтын, ақырғы бағдарламалық өнімді жалпы қолданыстағы, стандартты түрінде аяқтау жоспарланып отыр

Ғылыми жетекші: Шаяхметова Ә.С. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)

Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ.