enrukz
enrukz

Әрбір өмірлік циклдің ерекшелігін ескере отырып, инновациялық қызметке бөлінген ақпараттық қолдау жүйе құрудың ғылыми-әдістемелік негіздерін және қолданбалы аспектілерін әзірлеу

Жоба туралы ақпарат

Жобаның түрі: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы

Жобаның шифры: АР05134019 (01.01.2018 – 31.12.2020)

Атауы: Әрбір өмірлік циклдің ерекшелігін ескере отырып, инновациялық қызметке бөлінген ақпараттық қолдау жүйе құрудың ғылыми-әдістемелік негіздерін және қолданбалы аспектілерін әзірлеу.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: Экономиканың әртүрлі салаларында инновациялық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар

Жұмыс мақсаты: Бұл жобаның мақсаты болып, инновацияларды өмірлік циклінің жеке кезеңдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық қамтамасыз ету, осы мәселелерді шешудің теория – әдістемелік тәсілдерін және тиісті жұмыс құралдарын әзірлеу, сондай-ақ осы негізде инновациялар мен инновацияларға арналған өңірлік ақпараттық қолдау жүйесін жетілдіру бойынша нақты жобалық ұсыныстарды әзірлеу мен ақпараттық жүйенің жұмыс істеу прототипін құру болып табылады.

Зерттеу әдістері: Мақсатқа жету және зерттеу мәселелерін шешу үшін жұмысдың әрбір кезеңінде: жаппай байқау әдістері, бизнес-процестерді талдау, объектіге бағытталған бағдарламалық қамтамасыздандыру теориясы, экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер, социологиялық зерттеу, сараптамалық шолу, ғылыми және аналитикалық әдебиеттерді синтездеу әдісі, индекстерді құрастырудың қосымша әдісі, байқау, жүйелеу, синтездеудің жалпы статистикалық әдістері, статистикалық әдістер сияқты түрлі әдістер мен тәсілдер пайдаланылды. және т.б.

Қолдану облысы: Зерттеу нәтижелері ғылыми нәтижелерін барлық аумақтық деңгейлерде коммерцияландыруына кепілдік болуы мүмкін. Нəтижелерді тұтынушылар – инновациялармен айналысатын заңды жəне жеке тұлғалар. Жоба нәтижелері мен серпілістер ғылым мен техниканың дамуына әсер етеді.

Ғылыми жетекші: Утепбергенов И.Т. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)

Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ