enrukz
enrukz

Ақпараттық қауіпсіздік зертханасы

Зертхана меңгерушісі т.ғ.д.,

профессор Бияшев Р.Г

Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері: инфокоммуникациялық жүйелер мен желілер арқылы тасымалдау және сақтау жағдайында модулярлық арифметика базасында ақпаратты криптографиялық қорғаудың әдістерін, алгоритмдерін және құралдарын әзірлеу және талдау.

Төмендегідей жаңа нәтижелер алынды:

– Қорғалған тасымалдануы межеленген ақпараттық алмасу моделі алынды;

– Қорғалған трансграндық ақпараттық алмасу жағдайында интеграциялық жүйенің жақтарының өзара әрекетінің сызбасының моделі ұсынылды;

– Іргетастық негізі: тәндік сала, қолжетімдікті межелеу саясаты, модель, қолжетімділікті межелеу тегігі деген төрттікке негізделген базаға қолжетімділікті межелеудің негізгі түсініктерінің анықтамалары ұсынылды. Ол түсініктердің әрбіреуі үшін тиісті семантикасы анықталды;

– Атрибут типі түсінігіне негізделген қолжетімділігі типтендірілген атрибуттық межелеу (ҚТАМ) және қолжетімдігі көпкритериалдық типтендірілген атрибуттық межелеу (ҚКТАМ) анықтамалары жасалынды. Бұл тип математикалық нысан ретінде қарастырылды, ол атрибуттардың мәндерін анықтау саласы мен ол мәндермен жұмыс істеуге арналған қызметтерден тұрады. Жүйе ішінде жүзеге асырылған тип, қолжетімділікті межелеу тетігі болып қызмет атқарады;

 

– КТАМ үшін мыналар анықталды: пәндік сала семантикасы, қолжетімділікті межелеу саясаты, метамодельдер, модельдер, сондай-ақ модель қалыптастыратын қолжетімділік матрицасы;

– Қолжетімділік жүйесін жүзеге асыру мақсатында 2015 жылы әзірлемеленген логикалық тәсілді нақтылау ұсынылды. Ол үшін ҚТАМ көпдеңгейлі формальдық моделі және ҚКТАМ түзілді. Мұнда ол ҚТАМ және ҚКТАМ метамодельдері түрінде семантикалық модельдендірілген жүйе болып табылады, бұдан әртүрлі қауіпсіздік модельдері және осы модельдерге сәйкес келетін қолжетімділіктің матрицасы алынады;

– АКТ саласының, дәлірек айтқанда, қорғалынған тасымалдануы межеленген алмасудың, мәселелері мен проблемалары бойынша модельдік нормативтік-құқықтық актілер алынды;

– Белгілі криптографиялық алгоритмдердің жүргізілген анализдерінің нәтижелері алынды;

– Санаудың позициялық емес көп атаулы жүйелері базасында (СПЕКАЖ) цифрлы қол қою моделі әзірленді;

– ЭЦҚ моделінің программалық жүзеге асырылуының құрылымдық сызбасы ұсынылды;

– Қорғалған тасымалдануы шектелген ақпараттық алмасу технологиясында қолданылу мүмкіндігі бар ҚКТАМ базасындағы криптоберіктігі берілген АКҚҚ жобаланды;

– Тасымалдауы межеленген ақпараттық алмасудың ұлттық сегментінде толыққұрамды кілттерді қалыптастыру және сақтау үшін қажет ақпаратты сақтауға арналған берілгендер базасының құрылымы әзірленді;

– АКҚҚ-ді құрайтын модульдерді программалық жүзеге асыру.

Практикалық қолдану:

  • Әзірленген шифрлеу әдісі Қазақстан Республикасы абитуренттерін тестілеудің программалық кешенінде алғашқы бірнеше жылдар бойында дұрыс жауап кодтары бар файлдарды шифрлеу үшін, оларды иілгіш магнит дискілеріне жазу үшін және шифрлерді шешуде оларды санап, тестілік пункттердегі қателерді анықтау үшін қолданылды. Мұнда шифрді шешу рәсіміне қолжетімділік тек файлдарды шифрлеу сатысында енгізілетін парольдердің үшеуі сәйкес болғанда ғана рұқсат ала алады.
  • Мемлекеттің Қарулы күштерінде (ҰҚК, ҚМ, ІІМ) оның ақпаратты сенімді қорғау бөлімінде оларды байланыстың, соның ішінде сымсыз түрлі арналарына тасымалдауда қолданылады.

Интеллектуалдық меншіктілік туралы алынған куәліктер:

«GenTestCrypt» (ЕЭМ) үшін программалар. Интеллектуалдық меншіктілік нысанын мемлекеттік тіркеу куәлігі. // Қазақстан Республикасының ӘМ-нің Интеллектуалдық меншіктілік бойынша Комитетінің тізімдемесінде №1877 болып, 2010 ж. 22 желтоқсанда тіркелінді (авторлары: Бияшев Р.Г., Калимолдаев М.Н., Нысанбаева С.Е., Капалова Н.А., Амиргалиева Ж.Е.);

Бияшев Р.Г., Нысанбаева С.Е., Капалова Н.А., Хакимов Р.А. «Модулярлық арифметика базасында криптографиялық қорғау» программалық кешеніне интеллектуалдық меншіктілік нысаны // №1358 авторлық құқық нысанына құқықтылықты мемлекеттік тіркеу куәлігі. – ҚР Әділет Министрлігінің интеллектуалдық меншіктілік бойынша Комитеті. Астана. 2015 жыл.

Бияшев Р.Г., Нысанбаева С.Е., Капалова Н.А., Хакимов Р.А. «ҚКТАМ базасында цифрлық қол қою» // №1911 авторлық құқық нысанына құқықтылықты мемлекеттік тіркеу куәлігі. – ҚР Әділет Министрлігінің интеллектуалдық меншіктілік бойынша Комитеті. Астана. 2015 жыл, 9 қазан.

Бияшев Р. Г., Калимолдаев М. Н., Нысанбаева С. Е., Тынымбаев С. Т., Капалова Н. А. №009063 авторлық куәлік. «Модуль бойынша 4 көбейту» атты авторлық құқық нысаны (ғылым өнім); жарияланған: 26.06.2017, Бюл. №1536. — 2 с.

Бияшев Р. Г., Калимолдаев М. Н., Нысанбаева С. Е., Тынымбаев С. Т., Капалова Н. А. №009096 авторлық куәлік. «Құрылғы санының келтіру модулі» атты авторлық құқық нысаны (ғылым өнім); жарияланған: 28.06.2017, Бюл. №1572. — 2 с.

Жариялау

Biyashev R.,Nyssanbayeva S., KapalovaN. The Key Exchange Algorithm on Basis of Modular Arithmetic // Proceedings of International Conference on Electrical, Control and Automation Engineering (ECAE2013), Hong Kong- Lancaster, U.S.A.: DEStech Publications, 2013. – P.501-504.

Biyashev R., Kalimoldayev M., KapalovaN., Khakimov R., Nyssanbayeva S. Program Modeling of the Cryptography Algorithms on Basis of Polynomial Modular Arithmetic // Proceedings. The 5th International Multi-Conference on Complexity, Informatics, and Cybernetics. The 5thInternational Conference on Society and Information Technologies (IMCIC’14 -ICSIT 2014). – Orlando, Florida, U.S.A. 2014. – P. 49-54.

Biyashev R., Nyssanbayeva S. Modular Scheme of the Elgamal Digital Signature // Proceedings of 20th International Conference on Soft Computing MENDEL 2014. – Brno, Czech Republic, 2014. – P. 311-316.

Калимолдаев М.Н., Бияшев Р.Г., Рог О.А. Формальное представление функциональной модели многокритериальной системы разграничения и контроля доступа к информационным ресурсам // Проблемы информатики. – 2014. – № 1(22). – С. 43-55.

Biyashev R., Nyssanbayeva S., Kapalova N., Khakimov R., Modular models of the cryptographic protection of information // International Conference on Computer Networks and Information Security (CNIS2015), Changsha, China. 2015. —  P.393-398.

R. Biyashev, S. Nyssanbayeva, N. Kapalova.  Asymmetric Encryption on the Basis of Non-positional Polynomial Notations // Proceedings of the 6th International Conference on Applied Informatics and Computing Theory (AICT ’15). — Salerno, Italy, 2015. — P. 225-231

Biyashev R.G., Nyssanbayeva S.E., BegimbayevaYe.Ye., Magzom M.M. Modification of the cryptographic algorithms, developed on the basis of nonpositional polynomial notations // New developments in circuits, systems, signal processing, communications and computers. Proceedings of the International Conference on Circuits, Systems, Signal Processing, Communications and Computers (CSSCC 2015) — Vienna, Austria. 2015 — 170-176 pp.

Biyashev R. G., Nyssanbayeva S. E., and Begimbayeva Ye. Y. Development of the model of protected cross-border information interaction // Open Engineering. — 2016. № 6. — P. 199 – 205

Biyashev, R. Nyssanbayeva S., Kapalova N., Haumen A.Modified symmetric block encryption-decryption algorithm based on modular arithmetic // Proceedings of the Chiang Mai, Thailand,2016. — P. 263-265.

R. Biyashev, M. Kalimoldayev, S. Nyssanbayeva, M. Magzom, // Proceedings of theInternational Conference on Wireless Communications, Network Security and Signal Processing (WCNSSP2016). — Chiang Mai, Thailand, 2016. — P.243-245.

Biyashev R. G., Nyssanbayeva S. E., and Begimbayeva Ye. Y. The Development of a Structural Scheme of National Segment in a Protected Cross-Border Space // International Conference on Advanced Material Science and Environmental Engineering. — Chiang Mai, Thailand, 2016. — P. 250-252.