enrukz
enrukz

Аэроғарыштық технологиялар зертханасы

Зертхана меңгерушісі

PhD Алипбаев К.А.

Аэроғарыштық және жер серігі технологиялары, КСр пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігі, сондай-ақ ғарыштық жұмыс бағыттары бойынша біліктіліктерді арттыру салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу.

Зертхананың мақсаттары мен міндеттері:

1) Іргелі және қолданбалы зерттеулерде инновациялық нәтижелер алу;

2) Ғылыми зерттеулерді коммерциялаудан пайда алу;

3) Аэроғарыштық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жоғары біліктілікті кадрлар дайындау;

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізуде зертханаға төмендегі міндеттер жүктелген:

  • «Байқоныр» ғарышайлағынан ұшырылатын келешегі үлкен ракетатасымалдаушылар үлгісінде экологиялық сипаттары жақсартылған ракетатасымалдаушыларды жасаудың инновациялық технологияларын теориялық және эксперименттік зерттеулер орындау;
  • Мына төмендегі бағыттар бойынша ҚР БҒМ, ҚР ҚМ, ҚР ЦДИжАӨМ конкурстарына материалдар дайындау және қатысу:

– Жер серігі байланысының әскери қосымшалықтары, ГАЖ-технологиялары және аэроғарыштық барлау салаларында қорғаныстық мәндегі зерттеулер мен әзірмелер;

– ҚӘТ пайдалану және әскери логистика саласында қорғаныстық мәнді зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық, соның ішінде екі жақты мақсаттардағы жұмыстар және әскери логистика;

  • Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар саласында патенттік-лицензиялық жұмыстар орындау;
  • ҒЗжТКЖ-ге студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды тарту;
  • Отандық және шетелдік университеттермен, ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • Мемлекеттік-жекелік серіктестік тетіктерінің дамуына септік ету;
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық сипаттағы міндеттерді шешу үшін приборлар мен жабдықтарды тиімді пайдалану;
  • Халықаралық ғылыми-теориялық жұмыстарға қатысу.

Зертхана Қазғарыш ғылыми ұйымымен (ҰҒЗТО); Роскосмос (С.А. Лавочкин атындағы ҒӨБ, Орталық ғылыми-зерттеу машина жасау институты, ЦСКБ Прогресс); Росгидромета (НПО Тайфун); МОН РФ (Мәскеу авиациялық институты, Омск мемлекеттік техникалық университеті); ESA (Берлин техникалық университеті, Авиация және космонавтика институты).