Жобаның түрі: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы
Жобаның шифры: AP05132568 (01.01.2018 – 31.12.2020)
Атауы: Криптографиялық кілттерді басқару жүйесін жасау.
Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: Зерттеу нысаны болып криптографиялық кілттерді басқару жүйесін мен полиномдық емес санау жүйесі негізінде құрылған шифрлеу жүйесі табылады
Жұмыс мақсаты: Криптографиялық кілттерді генерациялау мен таратудың алгоритмдерін құру және зерттеу, олардың сенімділігін бағалау және бағдарламалық жүзеге асыру
Зерттеу әдістері: Мақсатқа жету және зерттеу міндеттерін шешу үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды: алгебра, сандар теориясы, модулярлық арифметика, ықтималдылықтар теориясы, криптография, криптоталдау.
Қолдану облысы: Зерттеу нәтижелері тек ақпараттық жүйелерде ғана емес, сонымен бірге басқа мақсаттағы жүйелерде де электронды ақпаратты қорғауға және жіберуге қолданылады.
Ғылыми жетекші: Нысанбаева С.Е. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)
Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ