Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда атап өткендей, Қазақстан технологиялық дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Басым бағыттардың бірі – цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу арқылы азаматтарымыздың өмір сапасын арттыру. Біздің жобамыз осы стратегиялық міндеттерді тікелей жүзеге асыруға бағытталған. Жобамыз кешенді цифрлық жүйені құруға бағытталған, ол сөйлеуді ым-ишара мен мәтінге, ал ым-ишараны – мәтін мен дауысқа айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстандағы миллиондаған есту және сөйлеу қабілеті шектеулі азаматтарға айналадағы әлемді жақсырақ түсінуге, білім алуға, жұмыс істеуге және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға көмектеседі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елде 30 мыңнан астам есту қабілеті шектеулі азаматтар бар. Алайда, Қазақстан Саңыраулар қоғамының мәліметтері бойынша, бұл сан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін, себебі көптеген адамдар ресми тіркелмеген.
Жобаның негізгі мақсаты – есту және сөйлеу қабілеті шектеулі азаматтарға тиімді коммуникацияны қамтамасыз ететін цифрлық экожүйені құру.
Жоба келесі жүйелерден тұрады:
✔ Сөйлеуді ым-ишара тіліне және керісінше автоматты түрде аудару
✔ Компьютерлік көру технологиясы арқылы ым-ишараны тану
✔ Қазақ тілін қолдайтын виртуалды көмекші
✔ Ым-ишара тілін оқытуға арналған білім беру ресурстары
Бұл технология есту қабілеті шектеулі адамдардың күнделікті өмірін жақсартумен қатар, олардың білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жобаның маңызды бағыттарының бірі – ым-ишара тілі мен мәтіндердің деректер қорын құру
Біз әлемдегі үздік тәжірибелерді зерттеп, Қазақстанға ең озық технологияларды енгізу үшін халықаралық сарапшылармен ынтымақтастық орнаттылды. 2021 жылдан бастап жас ғалымдар жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде және 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламалық нысаналы қаржыландыру ғылыми-техникалық қаржыландыру бағдарламасы аясында жалғасын тапты.
Жүйенің алғашқы нұсқасы 2025 жылдың соңында сынақтан өтеді. 2026 жылы біз білім беру мекемелері мен мемлекеттік қызметтерде пилоттық жобаларды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Пайдаланушылар үшін сөйлеуді ым-ишараға және мәтінге автоматты түрде аударатын мобильді және веб-қосымшалар қолжетімді болады.
Жобамыз белсенді әзірлену сатысында тұр және біз оның елдің цифрлық болашағының маңызды бөлігіне айналатынына сенімдіміз.
Президент атап өткендей: Жаңа дәуір елдердің технологияларды өз мақсаттарына қалай бейімдейтініне байланысты қалыптасуды анықтайды.
Біз технологияны негізгі салаларға енгізу үшін мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді бастадық.
✔Білім беру: есту қабілеті шектеулі студенттерді оқыту бағдарламаларына енгізу.
✔Мемлекеттік қызметтер: ым-ишара тілін қолдайтын автоматтандырылған сервистерді құру.
✔Денсаулық сақтау: төтенше жағдайларда пациенттер мен дәрігерлер арасында байланыс орнату.
✔ Медиа және цифрлық орта: жаңалықтарға субтитрлер мен автоматты аударма жүйесін енгізу.
Біз технологиялардың тек болашақта ғана емес, жақын арада, бүгінде жұмыс істегенін қалаймыз. Біздің мақсатымыз – цифрлық ортаны барлығына қолжетімді ету